Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Энди Ли: «Головкинді соққыға жығатын біреу болса, ол – мен»

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерсті жеңген жағдайда, Геннадий Головкинмен біріктірілген жекпе-жек өткізуге ниетті.

20151210101610

Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлайды.

«Билли Джо Сондерсті соққыға жыққан соң,басқа да чемпиондармен бақ сынассам деймін. Канело, Головкин, Джейкобстер сияқты чемпиондармен шыққым келеді», деген ойын айтты британдық боксшы Box Nation-ға.

«Головкиннің – нөмірі бірінші спортшы белгілі. Ендеше, бұл кез келген боксшы үшін оңай жекпе-жек болмайды, алайда мүмкіндіктерім бар деген сенімдемін. Оны ауыр соққының астына аламын.Орташа дивизионда оған қарсы келетін біреу болса, ол – мен».

Талқылау