Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО-қалашығындағы пәтерлерді бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады

Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің делегациясы мен қонақтарына арнап салынған 1 300 пәтердің 148-і, яғни 11 пайызы ғана сатылған. Ендігі 15 ақпаннан бастап тұрғын үйлер қайта сатыла бастайды. Бұл туралы «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев мәлімдеді.

ЭКСПО-қалашығындағы пәтерлерді бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады

Биылғы жылдың 15 ақпанынан бастап азаматтар ЭКСПО қалашығындағы пәтерлерді жылдық 3 пайызбен 12 жылға бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. Ол үшін сатып алушы Digital Baiterek кәсіпкерлікті қолдау порталының бірыңғай базасында өтініш береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Бөліп төлеу арқылы пәтер алу үшін азамат төлем қабілеттілігін растап, алғашқы жарна төлеуі тиіс. Ол пәтер құнының 20 пайызынан кем болмауы керек. Сонымен қатар «Бәйтерек девелопмент» АҚ-пен кепіл келісімшартын бекітіп, 3 АЕК көлемінде кепіл жарнасын төлеуі қажет.

«Бөліп төлеу механизмі арқылы бір отбасы тек бір ғана пәтерді сатып ала алады. Бөліп төлеу мерзімі өтініш берген адамның 70 жасқа толуымен шектеледі», – дейді Асқарбек Өсербаев.

Сондай-ақ, жаңа механизм енгізілсе де, пәтерді өз қаржысына немесе екінші деңгейлі банктерден ипотека алу арқылы сатып алуға болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау