Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“ЭКСПО-2017”-ның миллионыншы билетінің иесі: Астанадан хабарласқанда, әзіл деп ойладым

Қайрат Мамаев есімді азамат “ЭКСПО-2017” көрмесіне отбасымен баруды екі ай бұрын жоспарлап қойса керек. Осыдан екі күн бұрын ғана Шымкенттегі сауда үйлерінің бірінде төрт билет сатып алған: өзіне, жұбайына жəне қос ұлына. “Сəрсенбінің сәтті күні деп 5-шілдеге алдық” дейді Қайрат Мамаев, – деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

FB_IMG_1493540372183

Жігіт ағасының бұл ниеті расымен де сәтті болып шықты. Билеттердің бірі – сатылған билеттердің миллионыншысы болып шығып, Қайрат Мамаев Астанаға шақырту алған.

“Жұма күні таңғы сағат 10 шамасында белгісіз нөмірден хабарласып, миллионыншы билеттің иесі атанғанымды хабарлады. Жолдасыммен қоса, елордаға шақырып, бизнес класқа билет алып, бес жұлдызды қонақ үйге жайғастыратындарын жеткізді. Алғашында сенбедім, біреу əзілдесіп тұр екен деп ойладым. Соңынан жаңағы нөмірге өзім хабарласып, жай-жапсарын анықтап сұрадым. Рас болып шықты. Маған қоңырау шалған демеуші компаниялардың бірінің өкілі екен. Жұма күні кешкі 22:30-да бизнас-класпен ұшып кеттік Астанаға. Əуежайдан күтіп алып, қонақ үйге орналастырды. Ахметжан Есімовпен кездестік, ЭКСПО орталықта болдық”, – дейді Қайрат Мамаев.

FB_IMG_1493540379981

Қайрат Мамаевтвң Ахметжан Есімовтың қолынан арнайы сыйлық – Samsung Galaxy А маркалы телефонын алғаны белгілі. Қосымша, бір жылға ғаламторға тегін байланыс орнатып берген. Бұл туралы БАҚ өкілдері жарыса хабарлады. “Басылымдарда мен туралы жазылғанын білмеппін. Сол күні (28 сәуір)түстен кейін университеттегі факультет деканы Дəурен Керменбаев деген жігіт құттықтап, сайттардың бірінен көргенін айтты. Содан кейін жан-жақтан хабарласып, толассыз құттықтаулар түсе бастады. Ал БАҚ өкілдерінен алғаш өзіме хабарласқан Stan.kz сайты.

FB_IMG_1493540376340

Көпшілік басылымдарда айтылғандай, миллионыншы билет иесі мұғалім емес. Бүгінгі таңда аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің оқу жəне инновациялық технология жөніндеші проректоры. 1967 жылы  Қазығұрт ауданында туылған. 1984 жылдан бері Шымкент қаласында тұрады. Ақтолқын есімді қызы, Нұржан жəне Нұрболат есімді ұлдары бар. Балалары оқуда озат. Жалпы, Шымкент қаласында Мамаевтар əулетін өнегелі, білімді отбасы ретінде көпшілік жақсы таниды.


Жіберіп алмаңыз:

Күйеуіңізге сөзіңізді өткізгіңіз келсе…

Жақсы ана болудың 30 ережесі

Үйдің кенжесі неге ақылды болады?

Индонезиялық қалыңдықтың «таңғажайып» көйлегі жұртты тәнті етті (фото)

Талқылау