Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО-2017 ашылу рәсімінің тікелей көрсетілімін қайдан көруге болады?

ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу рәсімінің тікелей көрсетілімін телеарналардан, expo2017astana.com сайтынан, сондай-ақ көрменің YouTube-тағы ресми каналынан тамашалауға болады. Ал Алматы тұрғындары мен қонақтары қаладағы мониторлардан көрменің ашылуын көре алады.

2470971

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу рәсімінің тікелей көрсетілімі сағат 19:15-те басталады.

“Сағат 19:15-те шараның хаттамалық бөлімінің көрсетілімі басталады. Ал көрменің ресми ашылу рәсімі сағат 20:17-те басталады. Бұл уақыт бекер таңдалынбағанын түсінуге болады. Толық эфирді біздің сайттан және YouTube каналынан көре аласыздар, сондай-ақ “Хабар” және “Қазақстан” республикалық арналарынан және бірқатар өңірлік телеарналардан тікелей көрсетілім жүреді. Ал Алматыда қала көшелерінде орнатылған мониторлардан көрменің ашылу салтанатын тамашалауға мүмкіндік бар”, — деп хабарлады “АстанаЭКСПО-2017” ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс департаментінің жетекшісі Сергей Куянов.

Бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Саммитке келген жоғары мәртебелі меймандар мен делегация басшылары кешке ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.

Іс-шара Мемлекет басшыларының Қазақстан павильоны көрменің орталық экспозициясы – “Нұр Әлемге” келуінен басталады. Құрметті меймандар Қазақстан экспозициясымен танысқаннан кейін өзге қатысушы елдердің павильондарын аралайды. Ал ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми ашылу рәсімі Конгресс-орталығында өтеді және амфитеатрдағы концерттік бағдарламамен жалғасатын болады. Іс-шара аяқталғаннан кейін көрермендер Сферадағы проекциялық лазерлі шоуды және таңғажайып фейерверкті тамашалайды. Айта кетерлік жайт, көрменің ашылу салтанатын бүгін ғана емес, басқа күндері де тамашалауға мүмкіндік бар. 600-ден астам адам қатысатын керемет шоу 10-14 маусым аралығында бес рет жұртшылыққа паш етіледі. Сонымен, көптен күткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 10 маусымда қалың бұқараға есігін айқара ашады. Көрме үш ай бойы 10 қыркүйекке дейін жұмыс істейді.

Көрменің тақырыбы – “Болашақ энергиясы”. Ол баламалы энергия көздері, “жасыл” технологиялар және экологияны сақтап қалу мәселелеріне арналған. Көрмеде әлемнің үздік технологиялары мен тәжірибесі, баламалы энергия көздерін пайдалану саласындағы жетістіктер паш етіледі. 115 мемлекет, оның ішінде АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея секілді елдер бар, сондай-ақ 22 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмеге қатысатынын ресми түрде растады. Жалпы, бес миллионға жуық адам көрмеге келеді деп күтілуде.

Оқи отырыңыз:

Сапарбаев мешітке бас сұқпайтын ақсақалдарды сынға алды

Амантай қажы ЭКСПО-да “Аттан, қазақ” деп таяғымен айқайлап шетелдіктерді шошытты

Алматылықтар шет тілін тегін үйренетін болды

Жазушы телевизиядағы сауатсыз қазақ журналистерді сынай отырып басшыларына назын айтты

Талқылау