Эксперимент: Рамазан айында шопырлардың сауап іске қаншалықты құлықты екені тексерілді (видео)

Сейсенбі, 20 Маусым , 2017 15:08

Әнші Жазира Байырбекова айтқандай, бүгінгі қоғам мейірімділікке сусап тұр. Мына заманда тегіннен тегін жақсылық жасайтын адамдар азайған. Бір жағынан қарбалас тіршілік жақсылық жасауға мүмкіндік бермейді дерсіз. Бірақ ең бастысы ниет екенін ұмытпайық!

эксперимент такси 200617

Бұл орайда Stan.kz сайтының тілшісі тәжірибе жүргізіп, қоғамда қаншалықты мейірімді адамдардың бар екенін тексеріп көрді. Тілшімізге көмекке белгілі пародист Асқар Көмекбаев келді. Ол небәрі 50 теңгеге такси тоқтатып, жүргізушілерді сынап көрген-ді.

Асқар Алматыдағы Төле Би және Мұратбаев көшелерінің қиылысынан Алтын Орда базарына дейін жету үшін такси тоқтатады. Қалтасында небәрі 50 теңге қалғанын айтып, көмек сұрайды. Ал жүргізушілердің басым бөлігі ақшасы жоқ жолаушының сөзін соңына дейін тыңдамастан, кете барады. Екіншілері, күле қарап, 50 теңгеге жолаушының автобусқа да міне алмайтынын айтады. Арасында «жолым түспейді» деп ақталып жатқандар баршылық.

Ал тәжірибе нәтижесі көңіл көншітпейді. 10 көліктің небәрі үшеуі жолаушыны барар жеріне жеткізіп салуға келіседі.

Ал сіздерге айтарымыз: Онсыз да тұрмыстық қиыншылығы көп мына заманда бір-бірімізге мейірімді болайық! Бір данышпан айтқандай, жақсылық жасау үшін – көп ақша емес, мейірімді жүрек керек екенін естен шығармайық!

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанның 10 мың гектар жері Иранға берілмек

Жолдан өте алмай қалған әжейге көмектескен полицей астаналықтардың жүрегін елжіретті

ЭКСПО-дағы Қазақстан павильонының әйнектері шытынып кетті (видео)

ҰҚК ұстап әкеткен бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің әйелі мәлімдеме жасады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар