Эфирге қатысқан заңгер “Әйел бақыты” бағдарламасын “рейтинг қуған” деп айыптады (видео)

Бейсенбі, 20 Сәуір , 2017 11:50

“Әйел бақыты” бағдарламасының кезекті шығарылымы Мәскеуде құлдықта болған қазақ қыздарына арналды. Бағдарлама барысында бұған дейін екі бағдарламаға қатысқан қыздар қазіргі жағдайлары туралы айтып берді.

17126442_1874368996176047_3518142664321007616_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ал тағдыр тауқыметін тартқан қыздардың құқығын қорғаумен айналысып жатқан заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек эфир барысында орын алған жайтпен бөлісті. Ол “Әйел бақыты” бағдарламасын шоуға айналып кеткен, оның басы-қасында жүргендер шын мәнінде құлдықта болған қыздардың тағдырына алаңдамайды деп айыптады.

Заңгердің наразалығын тудырған нәрсе – жарнама кезінде Ләйлә Сұлтанқызының қыздарға берген нұсқауы. Яғни тележүргізуші тікелей эфир кезінде мәселені нақтылап түсіндіріп бере алатын спикердің сөйлеуін өтінген.

“Бәрі жапырылып кетеді, барлығының айтатыны бір нәрсе, мына жақта кім көбірек өзін алып шыға алады? Түсінікті етіп айтатындай”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы жарнама уақытында.

Facebook-тегі парақшасына Айгүл Орынбек жарнама кезінде түсірілген видеоны жүктеп:

“Рейтинг үшін жасаған бұндай шоуларың құрысын! Бəрі экран бетінде əдемі көрінгісі келеді. Ал экраннан кейінгі жағдай мүлдем басқа. Қыздардың көз жасынан қорықсаңдаршы”, – деп жазды.

Заңгердің бұл жазбасы желіде қызу талқыға түсті. Желідегілердің басым бөлігі Ләйлә Сұлтанқызы мен “Әйел бақыты” бағдарламасын айыптаған.

Жіберіп алмаңыз:

Имам: Ең жақсы әйел – күйеуінің көзін қуантатын әйел

Алматыда кондуктор әйел мүгедек жанды автобустан сүйреп шығарып тастады (видео)

Елбасы қыздардың қара жамылуына тыйым салуды ұсынды

ОҚО-да оқушылар ұстазынан құтқаруды сұрап облыстық прокуратураға хат жазды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Anonymous says:

    Сонда бұл жерді, Əйел бақыты шоуы деймізбе? масқара.

  • Anonymous says:

    Масқара

  • Anonymous says:

    Сонда кімге сенеміз.мына видеоны заңгер білдірмей түсіріп отырма.масқара ғой. Халықты ақымақ қылып .бізге сонда кімге сенеміз.бəрі алдамшы болғаны ма

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
16.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар