ОҚО-да оқушылар ұстазынан құтқаруды сұрап облыстық прокуратураға хат жазды

Бейсенбі, 20 Сәуір , 2017 7:55

Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушылары облыстық прокуратураның ресми сайтына мұғалімнің атына шағым жазған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170419170607

Мақтарал ауданына қарасты Сәтпаев орта мектебінде оқитын жасөспірімдер Сәбит есімді дене шынықтыру пәнінің мұғалімін оқушыларды оқытудың орнына таяқтың астына алатынын айтыпты.

«Атакент кентіндегі Сәтпаев мектебінің оқушыларынан хат. Біздің сізге хат жазуымыздың себебі, дене шынықтыру пәнінің Сәбит есімді мұғалімі бізге білім берудің орнына бізді қинайды, біз оның бокшы екенін түсінеміз, бірақ біз оның ұрып соғатын қап емеспіз ғой. Біз оның ұрып соққанынан әбден шаршадық. Күні кеше ғана  9 сыныптың оқушысы соның соққысынан басынан жарақат алып, емханаға барды», – деп жазылған арызда.

Осы мәселеге орай Мақтарал аудандық прокуратурасының қызметкерлері аудандық білім бөліміне тексеру қажеттігі тапсырма берілгенін хабарлады. Сондай-ақ қадағалаушы орган өкілдері бүгінгі күннен бастап өздері де оқушылармен жолығып, мәселенің жан-жақты анықталатынын мәлімдеді.

Тағы да оқыңыз:

Шариғат бойынша сәуір айының жаңбыры көптеген дертке дауа

Баян Мақсатқызы мен Динара Сәтжан су тасқыны болған аймақтарға көмек көрсетпек (видео)

Елімізде қойнауы қазба байлыққа толы 100 жер учаскесі сатылымға шығарылады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар