Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды: Дәурен мен Ақбота қайта қосылуға не итермелегенін айтты

Маусым айының алғашқы күнінде Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет заңды түрде некелескендерін айтып, жеке өмірлеріндегі жағымды жаңалықты әлеуметтік желі арқылы хабарлаған еді. Осы уақытқа дейін бірнеше мәрте қосылып, бір шаңырақ астында тұра алмайтындарын талай рет инстаграмда жазғаны әлі күнге дейін ел есінде. Қазіргі таңда бақытты екендерін жеткізген жұлдызды жұп, бірге болудағы шешімдерінің сырын Stan.kz ақпараттық агентігінің тілшісіне баяндап берді.

Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды: Дәурен мен Ақбота қайта қосылуға не итермелегенін айтты

«Негізі мен біраз уақыт бойы гастрөлде жүрген болатынмын. Арамыз 2-3 айдың көлемінде үзіліп кетті. Мүлдем араласпай кеттік. Балам өзіммен болғандықтан сәбиді де көп көре алмады. Мен гастрөлден келген соң, баламыз мен Дәурен үшеуіміз кездесіп тұрдық. Сол кезде бәрібір бірге болатынымызды түсіндік. Бірге болайық, қанша дегенмен де ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды ғой. Қай отбасында болса да. Екеуміз ойланып, толғанып осылай шештік», – дейді Ақбота.

«Менің жанұямдағы жағдайды еліміздегі бүкіл халық біледі ғой. Ақботаның өзі де таразыға салып, қай шешім дұрыс екенін көп ойланды деп айтса да болады. Гастрөлде кеткенде кезде жақсы ойланған сияқты ғой. Ақырында Құдайға шүкір осылай болды. Екеуміз ресми түрде қосылып, қазіргі таңда болашаққа жоспарларымызды құрып жатырмыз», – дейді Дәурен.

Талай қиындықты бастан кешкен жас жұбайлар бүгінде бақытты екендерін айтады. Сұхбат барысында Дәурен келіншегінің кемшін тұстары туралы әзілдеп, ерекше қасиеттеріне де жоғары бағасын берді.

«Негізі алдында да тұрып жатқан кезде бір жанұя сияқты тұратынбыз. Қазір енді некемізді қиғаннан кейін керемет бір өзгеріс жоқ. Бірақ бір байқағаным бар. Дәл Ақбота сияқты мұнтазай адамды ешқашан көрмеппін. Тазалыққа соншалықты қарайтын адамды бірінші рет көріп тұрмын. Бірақ асхана жағына келетін болсақ, айына бір-екі рет үйде қана тамақ ішеміз. (күледі) Мен өзім студент кезде, КВН ойнап жүрген кезде сыртта тамақтанып үйреніп қалғанмын. Ақбота да сондай екен. Сол себепті біз сыртта, кафе, мейрамханаларда тамақтанамыз», – дейді Айдарқұлов.

Айдарқұловтың заңды жұбайы атанған Ақбота үшін енді жанұялық өмірге үйренісуге тура келеді. Осы уақытқа дейін еркіндікті сезініп келген Сейітмағамет шығармашылыққа шектеу қойып, бар уақытын отбасына арнауды жөн деп шешіпті.

«Мен негізі үй шаруасына кішкентай кезімнен пысық адаммын. Тазалықты өте жақсы көремін. Егер лас заттар болса, үйде кішкене ұрыс-керіс болады. Қазіргі уақытта бала күтушісі жоқ, үйдің шаруасымен айналысамын. Түсірілімдерге барып келемін. Дәуреннің киімдерін үтіктеп те үлгеремін. Өзім де балама көп уақыт бөлмей кеттім. Қазір өзімнің толық отбасым бар. Шамалы бір ай демалыс алдым. Бірақ менен қарағанда Дәуреннің жұмысы ауыр. Өйткені, төрт баланы төрт жақтан асырау керек», – дейді Сейітмағамбет.

Айта кетейік, Дәурен мен Ақбота бүгінде бір ұлы бар. Ибраһим есімді бүлдіршін бір жастан асты. Ал Айдарқұловтың алғашқы некесінен екі қызы мен бір атұстары өсіп келеді.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау