Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Яндекс-такси” мен Uber бірігетін болды

“Яндекс-такси” мен Uber бірнеше посткеңестік кеңістіктегі елдер аумағында бірігіп жұмыс істейтін болды.

12652339

Бұл туралы “Яндекс.Такси” ресми блогында бас директоры Тигран Худавердян хабарлады.

Екі такси сервисінің біріккен компаниясы Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусия, Грузия және Қазақстанда жұмыс істейді. Тапсырыс беру үшін екі қосымша да қолжетімді болмақ.

“Пайдаланушылар үшін компаниялар біріккеннен кейін де ештеңе өзгермейді. Жүргізушілер бірыңғай платформада жұмыс істейді. Олар осылайша “Яндекс.Такси” арқылы да, Uber арқылы да тапсырыс ала береді. Мұндай бірігу таксилердің санын арттырып, ұзақ күтудің алдын алады. Жүргізушілер көп тапсырыс алса, жолаушылар қолжетімді бағамен қалаған жеріне жете алады”, – дейді Худавердян.

Екі компания бірігу келісіміне орай барлық елдерде роумингтік келісімге қол жеткізген.

“Сіз Лондон немесе Банккокқа ұшып келіп те “Яндекс.Такси” қосымшасы арқылы Uber-ге тапсырыс бере аласыз. Ал Парижден келген туристер Uber арқылы “Яндекс.Такси”-ге тапсырыс жолдай алады”, – деді бас директор.

Келісімге орай бірігігуге байланысты Uber 225 миллион, ал “Яндекс” 100 миллион қаржы құйған.

“Инвестицияның 59,3 пайызы Яндекске, 36,6 пайызы Uber-ге, ал 4,1 пайызы біріккен компанияның қызметкерлеріне тиесілі”, – деді басқарушы.

Оқи отырыңыз:

Француз жазушысы өз кітабының кейіпкері сияқты өзін өлтірді

АҚШ президенті Путинмен өте қатал түрде сөйлескенін айтты

АҚШ-та мұғалім өз оқушысымен жасаған сексті видеоға түсірген

Дәрігер отбасын атып өлтіріп, соңынан өзіне қол салды (фото)

Талқылау