Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WSB келесі маусымында нәзік жанды боксшылар өнер көрсетеді

Жартылайкәсіптік бокс лигасының (WSB) келесі маусымында  боксшы қыздар өнер көрсететін болды.

1908490

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Ол туралы Астанада әйелдер арасында бокстан әлем чемпионатының ашылу салтанатына арналған баспасөз мәжілісінде Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) атқарушы директоры Карим Бузиди мәлім етті.

«Бірнеше ай бұрын Манчестерде өткен АІВА комиссияларының кездесулерінде үлкен жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, келесі жылдан бастап WSB жекпе-жектерінде әйелдер өнер көрсететін болады. Сонымен бірге, AIBA Pro Boxing-те әйелдерді қатыстыру жөнінде келіссөздер жүргізетін боламыз», – деді Бузиди.

 

 

Талқылау