Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

WhatsApp-та жаңа функция пайда болды.

 

Бұдан былай қолданушылар WhatsApp-та өзі туралы геомәліметтерді жариялай алады.

«Геомәлімет  арқылы сіздің қайда тұрғаныңызды білуге болады. Мекен-жайды көрсету үшін арнайы тетікті басу керек. Оны өз еркіңізбен қалаған адамыңызға жібере аласыз.  Геомәліметті өшіре тұруға да болады», – деп жазылған мессенджердің блогында.

Геомәлімет тетігін қосу үшін сізге қажет адамның чатына ену керек немесе қажет топты ашу қажет. Содан кейін «Қосу» тетігін басып, «Тұрған орынды» таңдаған соң «Геомәліметпен бөлісу» деген батырманы түртесіз.

WhatsApp-тың жаңа функциясы алдағы уақытта Android және iPhone телефондарында қосылады.

Тағы да оқыңыз:

2018 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу бойынша арнайы бағдарлама қабылдануы мүмкін

«Жеңгетайлықпен» айналысқан экс-депутаттың ісі сотқа жетті

Көтерілістен көз ашпаған Украина халқы тағы ереуілге шықты

Талқылау