Владимир Седов: Алексей Ни 2007 жылы менің атымнан ипотека алып төлемей кетті

Сәрсенбі, 15 Маусым , 2016 8:08

Қазақстандық акуыр атлет Владимир Седов, 2007 жылы ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Нидің өзінің атынан ипотека алып, төлемей кеткенін айтты.

седов

Ол туралы бұл Инстаграмдағы парақшасында жария етті.

“2007 жылы бас бапкер Алексей Ни БТА бакнктен менің атымнан үш бөлмелі пәтер алып, жалпы сомасы 150 000 долларға рәсімдетті. Өз мүддесі үшін алып алғаннан кейін, төлеуді де қойды. Осы уақыт ішінде банктен біздің үйге хабарласып, сіздердің ұлдарыңыз ипотека алып төлемей жүр деп ата-анамның басын қатырды. Ол тек осы қарыздан 2012 жылы ғана құтылды. Осындай қиындыққа төзіп жүріп мен әлем чемпионатын да ұтып алдым. Ал сіздер менің жүйкем алжасқан дейсіздер”, – деп жазды Седов.

Еске сала кетсек, Седов осының алдында Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатында шу шығарған еді. 94 келіге дейінгі салмақта сынға түсуі керек болған спортшы, алаңға шыққанымен зілтемірді көтермей кеткен еді. Кейін ол бұл әрекетке Илья Ильинге ренжігеннен бардым деп айтты. Тіпті 2 дүркін олимпиада чемпионына бірнеше рет доқ көрсеткен.

Ол сондай-ақ, қолдау білдірмейтін Алматы облысының спорт шенеуніктерін де кінәлады.

Талдықорғандағы оқиғадан соң бас бапкер Алексей Ни Седовтың ұлттық құрамадан шеттетіліп, олимпиадаға бармайтынын хабарлады.

Тағы да оқыңыз:

Ауыр атлетші Владимир Седов ашық әңгімесімен жұртты дүрліктірді

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан екінші алтынды иеленді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар