Ауыр атлетші Владимир Седов ашық әңгімесімен жұртты дүрліктірді

Сенбі, 11 Маусым , 2016 11:23

Қазақстандық ауыр атлетші Владимир Седов өзінің Instagram парақшасында 2008 жылғы Олимпиадада не себепті жеңілгенін, Илья Ильинге көзқарасының қандай екенін ашық әңгімеледі.

13402316_1684928278422666_857058445_n

Фото: instagram.com/sedov_vladimir/

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Спортшы штангіні көтерудің орнына үстіндегі футболкасын шешіп, “Міне – олимпиадалық чемпион” деп лақтырып кеткен болатын. Ал футболкаға ресейлік ауыр атлетші Александр Ивановтың суреті салынған екен. Ол 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадада Илья Ильинмен алтынға таласып, жеңіліп қалған.

Артынша Владимир Седов өзінің бұл әрекеті үшін әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрайды. Мұны жүйкесінің сыр бергендігімен түсіндіріп, өзінің жарақаты туралы дәрігерлердің жазып берген қағазының суретін жариялайды.

“Мен Неге Илья Ильиннің командасынан кетті дейсіздер ме? Өйткені олар менің олимпиадалық чемпион болмайтынымды алдын ала шешіп қойған”, – деді Седов.

ҚР ауыр атлетика құрамасының жаттықтарушысы Алексей Ниден өзінің не себепті Рио олимпиадасына бара алмайтынын түсіндіруін сұрады.

“ҚР ауыр атлетика құрамасының бас жаттықтарушысы Алексей Ниге сұрақ… Неге мен олимпиада құрамасының құрамында жаттыға алмаймын? Сіздер маған Рио ОО жолдама алсам да, Азияда өткен чемпионаттан кейін бірге жаттығуға тыйым салдыңыздар. Бірнеше адамның қарсы екенін айтасыз немесе бұл сұраққа жауап беруден бас тартасыз”, – дейді Седов.

Ары қарай Рио олимпиадасына баратындығы белгісіз болса да, жаттығу жұмыстарын жалғастыра беретіндігін айтып өтті. Пекинде не себепті төртінші орын алғанын түсіндірді.

“Ол уақытта мен олимпиада ойындарына қалай дұрыс дайындалып, күшті қалай шынықтыру керектігін білмедім. Жарайды, Олимпиада басталды. Басында 170кг, 175 кг, 180кг барлығы дұрыс өтіп жатты. Мен жаттықтырушылардан 205 кг-ның орнына 205 кг-ды қоюды сұрадым. Алайда олар қола медальға таласпақ болып, 203 кг қойған. Мен оны көтере алмадым. Ойымда 200-205, үшінші ретте жеңіске жету болды. “Мен арманым туралы ешкімге айтқан емеспін, бірақ 205 сұрағанымды ешкім естімеген сияқты”, – дейді Седов.

Бұдан өзге, Владимир Седов Тимур Кулебаевтан олимпиада құрамасында жаттығуға рұқсат сұрады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
25.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар