Владимир Путин Өзбекстанға барып, Кәрімовтың отбасына көңіл айтты
Ресей президенті Владимир Путин Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовты құрметпен еске алу үшін Самарқанға келді.

Фото: РИА Новости
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Марқұмның туыстарымен кездескен Путин, оларға қайғырып көңіл айтты. Шахи Зинда кесенесіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін, Өзбекстан президентінің Самарқандағы резиденциясына келді.

Ол Ислам Кәрімовтың жесірі Татьяна Кәрімова және оның кіші қызы Лола Кәрімовалармен кездесті. Олардың жеке кездесулеріне БАҚ өкілдері қатыстырылмаған.
Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімов елді 30 жылға жуық уақыт басқарып, 2 қыркүйек күні 78 жасында дүние салды. Ол Самарқандағы Шахи-Зинда кесенесіне жерленді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"