Ислам Каримовті жерлеу рәсімі қалай өтті (видео)

Жексенбі, 4 Қыркүйек , 2016 10:26

Өзбекстан президенті Ислам Каримовті сенбі күні Самарқанда жерледі.

Безымянный

Өзбекстанда елді 27 жыл бойы үздіксіз басқарған тұңғыш президентінің жерлеу рәсімі өтті. Қыркүйектің 2-сінде 79 жасқа қараған шағында ауруханада инсульттан қайтыс болған президенттің сүйегі салынған табытты Ташкенттен Каримовтің туған жері Самарқанға бүгін әкелді. Елде үш күндік аза тұту жарияланды.

Самарқанда Каримовтің сүйегі салынған табытты мыңдаған тұрғын күтіп алды. Көптеген адам қайғырып, жылап тұрды, жұрт кортеж жүріп өткен жолдың бойына гүл қойып жатты.

Жерлеу рәсімі белгілі Регистан алаңында өтті. Өзбекстанның тұңғыш президентін орта ғасырда өмір сүрген қайраткерлер мен Ислам Каримовтің әке-шешесі жерленген Шахи-Зинда тарихи зиратына жерледі. Кейінгі 20 жылда ешкім жерленбеген зиратқа енді Каримовтің өзі қойылды.

Бұған дейін Кәрім Мәсімовтің Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Самарқанға жолға шыққанын хабарлаған едік. Сенбі күні  ертеңгісін Ташкент тұрғындары Кәрімовпен қоштасу үшін әуежай жолына шыққан еді. Гүлнара Кәрімова әкесін жерлеу рәсіміне қатыса алмады.

Жіберіп алмаңыз:

Президент Кәрімов өмірде және саясатта (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар