Винокуров: Жағдай қиын. «Астана» жабылуы мүмкін

«Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров команда төңірегіндегі жағдай туралы айтып берді. Спортшының сөзінше, қаржы бөлінбегеннен кейін, жоба жабылудың алдында тұрған көрінеді, деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz.

Винокуровтың айтуынша, бірер айдан кейін маусым басталады. Команда жаттығу жиындарын да өткізген. Алайда жыл басынан бері жобаға қаржы бөлінбепті.

«Жарыстарға үнемделген қаражат есебінен барып жүрміз. Спортшыларға жалақы төленіп жатқан жоқ», – дейді ол.

Велошабандоздың сөзінше, қазіргі уақытта жағдай ушыға түскен. Тіпті, салдарынан жоба жабылып қалуы мүмкін.

«Бұған дейін Елбасының бастамасымен құрылып, спортта өз нәтижесін көрсеткен жобаға қауіп төніп тұрғаны өкінішті», – дейді спортшы.

Оқи отырыңыз:

Головкин мен Альварес жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

Оңтүстік Корея жанкүйерлері спортшыларды қолдап Қазақстан туын ұстап шықты

АҚШ спортшыларының киімі желі қолданушыларының күлкісіне қалды

«Шахтер» құрамындағы Қазақстан чемпионы келісілген матч үшін өмір бойына спорттан шеттетілді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар