Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен Альварес жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес Лас-Вегаста өтетін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. «Вегаста кездескеше, достар. Қолдауларыңызға рахмет!», – деп жазды Головкин өзінің Instagram парақшасында.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазақстанның әуесқой боксшысы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында екінші кездесуде жеңіске жететінін айтты.

«Бұл жолы төрешілердің шешіміне қатысты ешқандай мәселе болмайды. Бұл мен үшін және T-Mobile Arena үшін ерекше кеш болады»,-деді BoxingInsider.com. GGG -дің сөзін жеткізіп.

Мексикалық боксшы Сауль Альварес  Геннадий Головкинге қарсы кездесу өткізу үшін T-Mobile Arena-ға төртінші рет бара жатқанына қуананышты екенін жеткізді.

«Бокс әлеміне есік ашқан бұл жер менің сүйікті аренама айналды. Жекпе-жек осы жерде басталғандықтан, мен оны тап осы жерде аяқтаймын. Мен және менің жанкүйерлерім тағатсыздана күтіп отырған қуаныш дәл осында болады, мен оны міндетті түрде нокаутқа жіберемін!» деп келтіреді BoxingInsider.com. Альварестің сөзін.

Айта кетейік, бокс саңлақтарының алғашқы кездесуі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен. Бұл жекпе-жекте екі боксшы тең түсті деген шешім төрешілер арасында дау тудырды. Головкин мен Альварес арасындағы келесі кездесу 2018 жылы 5 мамыра T-Mobile Arena-сында өтеді.

Жіберіп алмаңыз:

Оңтүстік Корея жанкүйерлері спортшыларды қолдап Қазақстан туын ұстап шықты

АҚШ спортшыларының киімі желі қолданушыларының күлкісіне қалды

«Шахтер» құрамындағы Қазақстан чемпионы келісілген матч үшін өмір бойына спорттан шеттетілді

Енді өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар салық төлеуге міндетті

Талқылау