Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Видеодан анасының немересін ұрғанын көргенде атасының жүрек талмасы ұстап қалған

Павлодарда өз қызын сабап, сол әрекетін видеоға түсірген 34 жастағы Нұргүл Докуованың ақыл-есінің дұрыстығын арнайы мамандар тексеруде, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Айлин-топ

Ғаламторда тарап кеткен таспаны қатыгез әйел күйеуінен өш алу үшін түсіріпті. Сөйтіп, оны бұрынғы ата-енесіне жіберген. Соңы мұндай дауға ұласады деп ойламаған келіншек бүлдіршінге ыза үстінде қол көтергенін айтып ақталуда. Ал 3 жасар Айлин уақытша бейімдеу орталығына тапсырылды. Енді ол сот шешімі шыққанша сонда болады.

Ержан Касымов – Айлиннің әкесінің бауыры. Әке-шешесіне жіберген мына кадрларды көргенде өзін қоярға жер таппағанын айтады. Ал шырылдаған немересін көрген зейнеткерлердің тіпті жүрек талмасы ұстап қалыпты.

– “Қыздың жылағанын көрген әкемнің жүрегі ұстап қалды. Айлиннің әкесі Ермұрат – менің туған ағам, қазір іссапарда жүр. Видеоны көре салысымен полицияға хабарласып, бірден солардың үйіне жеттім. Отбасымызбен баланы қауіпсіз жерге алып кету керек деп шештік”, – дейді Айлиннің ағасы Ержан Қасымов.

Алайда қызды әкесінің туыстары тұрмақ, әкесінің өзінің де алып кетуге құқығы жоқ. Өйткені Айлин – некесіз туылған сәби. Бүлдіршінді шапалақпен ұрып, қала берді қылқындыра жаздаған таспаны көрген жұрт қыздың анасын қарғап-сілеп жатыр.

Нұргүл Докуованы іздеп тапқан полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті. 34 жастағы әйел бұл әрекетке азаматтық некедегі күйеуі мен оның ата-анасына өшіккеннен барғанын айтыпты.

– “Азаматша бұл әрекетке бұрынғы күйеуімен ұрсысып, күйзеліске ұшыраған соң барғанын айтып түсіндіруде. Оқиға орнында болдық. Үй ішінің жағдайы жақсы. Әйелдің жағдайын қазір арнайы мамандар тексеруде. Ал бүлдіршін сот шешіміне дейін арнайы орталықта болады”, – дейді Павлодар облысы ІІД ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Бибігүл Камзина.

Бейімдеу орталығына жеткізілген 3 жасар Айлиннің жасқаншақтығы  болмаса, жағдайы жақсы. Ал бірінші күйеуінен туған мектеп жасындағы қызы анасының жанында қалды. Болған жәйтті түсіндіруді сұрамақ боп хабарласқанымызда келіншектің ашуы әлі басылмаған екен.

-“Ештеңе айтпаймын. Тергеу жүріп жатыр ғой. Оны әлі дәлелдеу керек”, – дейді Айлиннің анасы Нұргүл Докуова.

Нұргүл Докуованың өзі жергілікті мұнай зауытында жұмыс істейді. Ермұратпен бірнеше жыл азаматтық некеде тұрған ол Айлинді емізбейтінін айтып, кезінде қиғылық салыпты. Енді сол қызын шапалақтап, қылқындыра жаздағаны үшін 600 мың теңге айыппұл төлеп, 2 айға қамалуы мүмкін. Тіпті ата-аналық құқығынан да айырылуы ықтимал. Ал сот шешіміне дейін бүлдіршін арнайы орталықта болмақ.

Бұған дейін ғаламторда анасының кішкентай қызын аяусыз ұрып жатқан жантүршігерлік видео пайда болды. Кейін туған анасынан зардап шеккен үш жасар қыз балалар үйіне жеткізілгенін хабарланды. Кейіннен желіде қызын аяусыз ұрып-соғатын әйелдің тағы бір видеосы пайда болғанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Әскер мерзімін ұзартуға қатысты Қорғаныс министрі мәлімдемесін айтты

Мемлекеттік қызметте «13-жалақы» мен мерекелік сыйақыларды алып тастайды

Төрт ауылдың халқы жайылым жеріміздің Өзбекстанға өтуіне қарсымыз деп наразылық білдірді

Қоғам қайраткерлері үш тұғырлы тіл саясатына қарсы шықты

Ішкі істер министрі барлық полицейлерді қызметінен қууға дайын

Талқылау