Вьетнамдық сақтандырудағы ақшасын алу үшін аяғы мен қолын әдейі кескен

Бейсенбі, 25 Тамыз , 2016 15:24

30 жастағы Лай Тридің алаяқтығы туралы жергілікті газеттердің бірі жария еткен. Мамыр айында ол пойызда құлап жарақат алғанын айтыпты. Алайда әйел өзінің аяқтарын кесу үшін өзінің досы Доан Ванға 2,2 мың доллар төлегенін мойындаған.

_90911777_hanoirail

Осы арқылы әйел сақтандыру компаниясынан 150 мың доллар көлемінде өтемақы алмақшы болған. Ол қолы мен аяғының үшінші саусақтарынан айырылған. Ал оның досы Доан Ван болса бұл оқиғаға кездейсоқ кез болған адамның кейпіне еніп, жедел жәрдемге хабарласады. Ол Ханой теміржол вокзалынан жаралы әйелді тауып алдым деген.

Үш ай өткен соң полиция газеті әйелдің суретін жариялап, оның жаралары жазылып кеткенін көрсеткен. Оның бизнесі сәтсіздікке ұшырап, қаражат қатты керек болыпты.

Вьетнамда әлеуметтік желі қолданушылары сақтандыру өтемақысын алу үшін, өз денесін жарақаттаған адамның әрекетін талқылап жатыр. Әзірге полиция бұл іске қатысты нақты қорытындыға келген жоқ. Ханойлық адвокат Ле Ван Луан болса мұндай әрекетке қатысты Вьетнамның қылмыстық кодексінде жауапқа тарта қоятындай бап жоқ дейді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар