Аспаннан құлап түскен белгісіз металл шарлар жұртты дүрліктірді
Жергілікті тұрғындардың әңгімелеріне қарағанда, шарлар құлаған сәтте күннің күркірегеніне ұқсас дыбыстар естілген. Көшеге шыққан ауыл тұрғындары белгісіз нысандарды тауып алды.
Вьетнамдағы шағын ауылға аспаннан үш металл шар құлап түсті. Жұмбақ нысандарды әскерилер тексеруде.
Алдын ала болжам бойынша, бұлар ғарыш қалдықтары болуы мүмкін.
Жергілікті тұрғындардың әңгімелеріне қарағанда, шарлар құлаған сәтте күннің күркірегеніне ұқсас дыбыстар естілген. Көшеге шыққан ауыл тұрғындары белгісіз нысандарды тауып алды. Оқиға орнына шұғыл жеткен әскерилер сол аумақты қоршауға алып, жұмбақ заттарды тексеруге кірісті. Шарлардың бір баққа, екіншісі егіс даласына, ал үшіншісі тұрғын үйдің төбесін қирата түскен.
Вьетнам БАҚ-тарының хабарлауынша, олардың құлауы салдарынан ешкім зардап шекпеген.
Талқылау