Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Василий Левит: Өзімді жұлдызбын деп есептемеймін

Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясын иемденгендер қауымдастығы ұйымдастырған қайырымдылық кеш кезінде Василий Левит өмірі туралы сыр бөлісті.

yjjy

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Ол Данте Алигьеридің “Құдайшыл комедия” шығармасын жақсы көретіндігін және өзін жұлдыз сезінбейтінін айтты.

“Маған шетел және ресей классикасы ұнайды. Әсіресе, Робинзон Крузо туралы кітап қатты ұнайды. Бала кезімде оқығанмын, өте қызық. Данте Алигьеридің “Құдайшыл комедиясы” да ұнайды. Мұндай шығарманы жазу үшін адамға орасан ұшқыр қиял қажет”, – дейді Василий Левит.

Олимпиаданың күміс жүлдегері боксқа қалай келгенін де айтып берді.

“Мен неге жекпе-жекпен айналыстым? Өйткені, мен қалада емес, Қостанай облысының Федоровка ауылында дүниеге келдім. Ешқандай таңдау болған жоқ. Басында баскетболға, кейін кикбоксингке бардым. 7-сыныпта Қостанайға көштім және сол жерде боксқа шындап кірістім”, – дейді спортшы.

Олимпиадада тапқан ақшаны қайда жұмсайсыз деген сұраққа чемпион қалжыңмен жауап берді.

“Қаланы көгалдандыруға және қаңғыбас иттерге баспана салуға жұмсаймын. Шын мәнісінде, әлі бұл туралы ойланған жоқпын”, – деп мойындады Василий.

Ол өзін жұлдызбын деп санамайды. Оның ойынша, танымал болу – уақытша нәрсе.

“Өзімді жұлдызбын деп есептемеймін. Меніңше, ол – уақытша. Маған әлі көп жұмыс істеу керек. Жұлдыз ауруымен ауырғым келмейді”, – деп түйіндеді В.Левит.

Оқи отырыңыз:

Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегіне билеттер құны белгілі болды

Қазақстандық Денис Ұланов Рио ойындарының қола жүлдегері атанды

Қуат Найман: Ешкім танымайтын “Алаш прайд” клубы менің арқамда танымал болды (видео)

Футболдан Қазақстан құрамасы 17:0 есебімен ұтылды

Талқылау