Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегіне билеттер құны белгілі болды

29 қазанда Алматы қаласындағы “Алматы Арена” мұз сарайында өтетін Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің арасындағы жекпе-жек кешіне билеттердің құны белгілі болды.

20160905123636

Бұл туралы zakazbiletov.kz  хабарлайды.

29 қазан күні ганалық боксшыға қарсы шығатын Қанат Ислам, өзінің 22-ші жекпе-жегінде ІВО (Intercontinental) және WBО (International) тұжырымдары бойынша чемпион атағын сарапқа салады. Жанкүйерлер билеттерді 17 қазаннан бастап сатып ала алады. Ал билет бағасы 1-10 мың теңге аралығында болмақ.

 

“Қазақ” деген лақап аты бар қазақстандық боксшы орта жеңіл салмақта Кариб аймағының үздігі, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы деген атақтардың иегері. Осы уақытқа дейін кәсіпқой шаршы алаңда 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетіп, 18-ін нокаутпен аяқтаған. Ал қарсыласы Патрик Аллотей 36 кездесу өткізіп, екеуінде ғана ұтылған, қалған жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады. Сондай-ақ 24 кездесуінде қарсыластарын нокаутпен ұтқан.

Сол күнгі бокс кешінде өзінің кәсіби бокстағы алғашқы кездесуін әлем чемпионы, Риодағы Олимпиада ойындарының қатысушысы Жәнібек Әлімханұлы да өткізеді. Сондай-ақ ел намысын Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шәрібаев, Айдос Ербосынұлы қорғайтын болатын.

Бұған дейін Қанат Исламның жекпе-жекке қандай шапан киіп шығатыны да жарияланған болатын.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық Денис Ұланов Рио ойындарының қола жүлдегері атанды

Қуат Найман: Ешкім танымайтын “Алаш прайд” клубы менің арқамда танымал болды (видео)

Футболдан Қазақстан құрамасы 17:0 есебімен ұтылды

Италиялық футболшы футбол тарихындағы алғашқы жасыл қағазды алды

Талқылау