Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұзынағашта қаза тапқан ағайындылардың туыстары өлім жазасын талап етуде

Алматы облысында ағайынды үш жігіттің өліміне қатысты сот үкімі шықты. Асқан қатыгездікпен адам өлтіргені үшін басты күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайласы 25 жылын темір тордың ар жағында өткізбек. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Безымянный

Қайғылы оқиға осы күзде болды. Мал сатуға кеткен үш ағайынды қайтып оралмаған. Бірнеше күн өткен соң олардың денелері алыстағы сарай ішінен табылған. Ал бүгін осы іске қатысты соттың соңғы нүктесі қойылды. Іске күдікті болып саналғандардың барлығы кінәні мойындады. Алайда қаза тапқандардың туыстары үкімге риза емес.

Қаза тапқан ағайындылардың оншақты туысы сот отырысынан бірнеше сағат бұрын келіп алған.

“Олар өздерін кінәліміз деп санамайды. Бұл адамдар мені күйеуімнен айырды, ал балаларды әкесіз қалдырды. Кішкентай ұлым әкем келе ме деп күнде сұрайды. Оларды атып тастаса екен”, – дейді қаза тапқан жігіттің жесірі Майраш Саттархан.

Атышулы іс бойынша сот процесі екі айға созылды. Өлімге басты кінәлі ретінде Талған Сүлейманов пен Мұрат Оңалбаев айыпталды. Ал Бақыт Байқасымовты қылмысты хабарламады деп айыптаған. Сот олардың өлімді асқан қатыгездікпен орындағанын айтты. Осы айыптау негізінде Талғат Сүлейманов өмір бойына бас бостандығынан айырылса, оның сыбайласы 25 жыл арқалады. Ал үшінші күдікті төрт жылға сотталды.

Сондай-ақ, олар қаза тапқандардың отбасыларына моральдық шығын ретінде 10 миллион теңгеден төлеулері тиіс. Алайда қаза тапқандардың туыстары қылмыскерлердің құр сотталып, тірі қалғанын қаламайды. Олар өлім жазасын талап етуде.

Әйтседе сотталушылар әлі де болса қайта шағым түсіре алады. Сондай-ақ, қаза тапқандардың туыстары да үкіммен келіспейтіндіктен, қайта шағым түсіруге құқылы.

Еске сала кетейік, өткен жексенбіде БАҚ-та Алматы облысы Жамбыл ауданында мал саудасымен айналысып жүрген үш жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын.

Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, Долданұлы Жарқынбек (1979 жылы туған), Зарлыханұлы Мұқият (1973 жылы туған), Әлімхан Қадылбек Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан сатып алған 40 бас малды екі жүк көлігімен 17 қыркүйек күні Ұзынағаш базарына шығарған. 19 қыркүйекте соңғы рет байланысқа шыққан. Бірнеше күннен кейін олардың денесі табылды.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда өзін әріптесі зорлады деп шағымданған әйелге қатысты тағы бір шу шықты

Ұзынағашта ағайынды үшеуді өлтірген қылмыскерлерге сот үкімі шықты

Астаналықтар тротуарға жүрек бейнесін салған адамды тапты

Шымкентте 76 жастағы қария күннің суығына қарамай өзенге шомылып жүр

Талқылау