Ұйқыдағы ару синдромы: Бойжеткен 6 ай бойы ұйықтаған (фото)

Сейсенбі, 29 Қараша , 2016 16:03

22 жастағы Бэт Гюдер Клейн-Левин синдромына шалдыққан. Ол 2011 жылдың қараша айынан бастап алты ай бойы ұйықтап жатқан.

3ABA458600000578-3980288-Beyond_sleeping_for_up_to_22_hours_a_day_the_difference_with_oth-m-142_1480384926971

Бұл туралы dailymail.co.uk басылымы хабарлайды.

Мұғалімдері Бэт Гюдерден көп үміт күтеді. Оның колледждегі озат оқушы екенін ескеріп, жоғары санаттағы психолог болады деп сенеді. Алайда бойжеткен 17 жасында алты ай бойы ұйықтап жатады. Тәуліктегі 24 сағаттың ішінде тек дәретханаға барып, арасында тамақ ішу үшін ғана оянған екен. Оның анасы Жанин қызының 5 жыл ішінде 75%-ын уақытын ұйқыға жұмсағанын айтып жатыр.

Бэт – дәл осындай синдромға шалдыққан жүз адамның бірі. Оны дәрігерге арнайы арбаның көмегімен алып барады екен. Себебі, Бэт жолда ұйықтап кетуі мүмкін. Халық мұны “ұйқыдағы ару” синдромы деп атайды. Әзірге қалай емделетіні белгісіз. Көбінесе 16 жастағы жасөспірімдер шалдығады екен. Шамамен 13 жылға созылатын көрінеді.

3ABA457E00000578-0-image-a-4_1480373321834

Бастапқыда Бэттің анасы оның миында ісік бар немесе миына қан құйылған деп ойлаған. Алайда анализ нәтижелері ешбір қатерлі ауруды көрсетпеген. Әдетте Бэт оянған соң, арада біраз уақыт өтіп кеткенін сезбейді екен. Ол мейрам, туған күн кездерінде де ұйықтап жатқан. Оны колледжден шығарып жіберген.

“Ол оянған кезде біраз уақыт бойы есеңгіреп отырады. Кейде аз ұйықтаса да, айналасында не болып жатқанын түсінбей қиналады. Біртүрлі оғаш мінез танытады. Бэт бір күні қатарынан қалып қалғанын біліп қойды. Сол кезде жылап, шу шығарды. Оның жаны ауырса, менің жүрегім ауырады”, – дейді анасы.

3AADA09900000578-0-image-m-6_1480373398070

Бойжеткен осыдан үш жыл бұрын 25 жастағы Дэн есімді мұғаліммен танысқан. Ол кезде Бэт ояу болған екен. Екеуінің арасында сол сәтте-ақ махаббат оты тұтанған көрінеді. Дәл қазір Дэн сүйіктісіне қолдау көрсетіп, үнемі қасынан табылады.

3ABA44E700000578-3980288-Over_the_past_five_years_Beth_s_mother_Janine_pictured_calculate-a-140_1480384887318

Неврапатолог маман Гай Лечзингер мұндай жағдайдың жасөспірімдерде жиі кездесетінін айтады. Тіпті, мұндайда ата-аналарының балаларына сенімсіздік танытқан кездері де болған. Яғни, олар балалары сабаққа бармау үшін осылай жасап жатыр деп ойлаған.

3AADA0B900000578-0-image-a-3_1480373308959

Бэттің басындағы жағдай 15 жастағы Карьюде де болған. Ол үздік нәтижелері үшін футбол командасына шақыртылған. Алайда ойын барысында ұйықтап кете берген. 10 күн бойы түрлі елес көріп қиналған. Бұдан кейін жүрегі айнып, күніне екі сағат қана ұйықтайтындай дәрежеге жеткен.

3ABA459200000578-3980288-image-a-138_1480384857648

Анасы Даниэлла ұлының үздіксіз 40 сағатқа дейін ұйықтағанын айтып жатыр. Бастапқыда Карью бұл ауруға шалдыққанына сенбеген. Сол себепті, ол күнделік жүргізіп, өзін видеоға түсіріп алуларын өтінген. Әзірге бұл аурудың толық емі табылмады.


Жіберіп алмаңыз:

Дәрігерлер бесікке бөлеудің бала денсаулығына қауіп төндіретінін айтады

Таңғы асқа жеуге болмайтын тағамдарды білесіз бе?

Құрқылтайдың ұясы бедеуліктен өзге 80 түрлі ауруға ем

Атырауда 8 жасар мүгедек қыз сыныптастарының мазағынан мектепке бара алмай жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар