Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұрлық жасап, қабір ішіне жасырған: Қордай тұрғындарын үрейде ұстаған қарақшылар ұсталды

Қордайда бүтін бір ауылдың зәресін алған қарақшылар тобы ұсталды. Үш бірдей азамат бірнеше үйді тонап қана қоймай, адам өлтіріп, олжаларын мола қабіріне жасырып келген, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ұрлық жасап, қабір ішіне жасырған: Қордай тұрғындарын үрейде ұстаған қарақшылар ұсталды

Қазір кінәсін мойындаған үшеуі темір тордың ар жағында отыр. Әзірге қарақшылардың қалай қолға түскендері белгісіз. Бір анығы, қылмыскерлердің бірі Алматы, ал қалған екеуі Қордай тұрғындары.
40 және 34 жастағы екі күдікті бұған дейін ауыр қылмыс жасағандары үшін сотты болған.

Айта кетейік, осыдан екі айға жуық уақыт бұрын Қордайда бірнеше үй тоналып, ерлі-зайыпты зейнеткерлер өлімші етіп сабалған еді. Олардың бірі, 68 жастағы Владимир Бойко ауруханада қайтыс болған. Бұдан кейін жергілікті тұрғындар тәртіп сақшыларының іске сылбыр қарағанын айтып, дабыл қақты. Содан кейін ғана полицияның жұмысы оң нәтиже беріп отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау