Өскеменде ұлын өлтірген кінәліні табамын деп ақша алған алаяқ ұсталды
Ұлы қайтыс болғаннан кейін қайғыдан қасірет шеккен Қатонқарағай ауданының тұрғынын алаяқ алдап, ақшасын алып кеткен. Бұл туралы №2 аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, yk-news.kz сайты хабарлады.

Ұлының өліміне кінәлілер табылмаған. Алаяқ бар ашу-ызасын кімнен аларын білмей отырған әйелге өзін ұлының ескі досымын деп таныстырады. Және ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасымен келгенін айтады. Мұндай нәрсені күтпеген әйел бейтаныс адамның кінәлілерді табуға әсер ететініне сенеді.
Ол тергеу жұмыстарының тез жүруі және кінәлілерді іздеу үшін 700 мың теңге төлеу керектігін айтқан. Ұлының өліміне кінәлілерді табуды ғана ойлаған ол барлық жинаған 260 мың теңгесін алаяқтың қолына ұстатқан.
Тергеу нәтижесінде, алдаған адам ұсталып, ақша қайтарылды. Қатонқарағай ауданы сотының баспасөз қызметінің айтуынша, сотталушы барлық кінәсін мойындаған.
Тағы оқыңыз:
Қазақстан халқының саны 19 млн-ға қашан жетеді
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық