Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан халқының саны 19 млн-ға қашан жетеді

ҚР Ұлттық министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкеловтің есебін сәйкес, үш жылдан кейін Қазақстан халқының саны 19 млн-ға жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған мәліметті комитеттің ресми сайтында ашылған онлайн есептеуіштен де көруге болады. Алайда қазіргі кезде ол жүйеде ұзақмерзімді болжам жасалмайды. Себебі автоматты жүйенің деректер базасын және тағы басқа техникалық мәселелерін әлі де реттеу керек.

«Әзірше, есептеуіштің негізінде келесі жылға дейінгі қысқа мерзімді болжам жасауға болады. Мәселен, 2019 жылдың 1 қарашасын енгізсек, ол кезде Қазақстан халқының саны шамамен 18 609 000 адамға жетеді.

Ал 19 млн-ға нақты қай уақытта жететінімізді айта алмаймын. Дегенмен, қазіргі мәліметтерге сүйенсек, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында біз аталған көрсеткішке жетеміз», – деді Н.Айдапкелов Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті xалық санының есептеуішін іске қосты. Енді, комитеттің ресми сайтында Қазақстан xалқының нақты санын онлайн режимде көріп отыруға болады.

Аталған жүйеде туу, өлім, шетелден келу мен шығу сияқты көрсеткіштер автоматты түрде ескеріледі. Халықтың санын жынысына қарай бөлуге де болады. Аталған жоба 71 жастағы Ерболат Мұсабектің жетекшілігімен іске асты. Қазақстандық есептеуіштің басты артықшылығы сол, барлық мәліметтер ай сайын жаңартылады.

Оқи отырыңыз:

8 бала асырап алған жамбылдық полицей “100 жаңа есім” жобасына кірді

Әкім түні бойы шахтада болған: Қарағанды облысында154 адам жер астынан шықты

Қызылордадағы Айтбай мешітінде түбі жерасты жолдарына апаратын құпияға толы құдық бар (фото)

Талқылау