Ұлыбританияда оқып жүрген қазақ жастары Мұқағалидың 85 жылдығын атап өтті

Жұма, 24 Маусым , 2016 11:54

Ұлыбританияның танымал жоғары оқу орындарында оқып жүрген қазақ жастары Мұқағалидың 85 жылдығын атап өтті.

20160624094833

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұлыбританияның танымал жоғары оқу орындарында оқып жүрген қазақ жастары Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына орай әдеби-музыкалық кеш өткізді.

Бұл шара Ковентри қаласының Warwick университетінде, «ҚазАльянс» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Ұйымдастырушылардың бірі Warwick университетінің магистранты Еркеназ Аринова осы кешке бірқатар оқу орнында оқып жүрген жастардың қатысуына бастамашы болды.

Мұқағалидың өмір жолы, шығармашылығы және ақынның отбасы туралы Surrey университетінің магистранты Жасұлан Кушебаев айтып берді.

Табыл Досымовтың «Ұнатамын мен сені» әнін Манчестер университетінің магистранты Нұрым Ноянбаев орындады. Warwick университетінен Абылай Құдайбергенов домбыра тартып, қазақ күйін шетелде шарықтатты.

Сондай-ақ, Reading университетінің магистранты Әсем Сағынбаева, Манчестер университетінің магистранты Махаббат Тәттібаева, Aberdeen университетінің магистранты Әділ Ұзақ, Лондондағы Queen Mary университетінің магистранты Әділ Бергенов, Warwick университетінен Дамина Саби, Дәмира Дүйсекенова ақынның бірқатар өлеңдерін оқып берді. Ал Манчестер университетінен Айбөбек Сейтақ «Мұқағали рухымен сырласу» атты ақынға арналған өлеңді оқыды.

Қазақ жастары Мұқағалидың сөзіне жазылған өзге де әндерді хормен орындады.

Осы кешке өзге елде оқып жатқан бірнеше шетелдік магистранттар да қатысып, қазақтың өнерімен танысты және Мұқағали туралы мағлұмат алды.

Жіберіп алмаңыз:

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар