Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлты белгісіз ару Динара Сұлтанның әнін орындау үшін қазақ әліпбиін жаттап алған (видео)

Lilian Jade есімді ару қазақстандық әнші Динара Сұлтанның «Сен» деп аталатын туындысын қазақ тілінде нақышына келтіре орындады. Оның өнері желі оқырмандарымен бірге Динараны да тәнті еттті, деп хабарлайды Stan.kz.

13731401_1757424844535570_1579684164_n

Өз жазбасында Lilian алғаш тыңдағаннан-ақ Динараның әнін ұнатқанын айтқан. Бойжеткен әннің мағынасын түсінбеген, оның орындаушысының да кім екенін білмепті.

«Музыканы жақсы көріп кету үшін ән мәтінінің түсінудің қажеті шамалы. Бұл әнді шамамен 5 жыл бұрын естідім. Мағынасын түсінбесем де, аталмыш туындыға ғашық болдым. Әннің атауы мен орындаушысын тапқан сәтте қазақша әріп танымасам да, оны жаттап аламын деп шештім. Бұл әннің мені шабыттандырғаны соншалық, мен өзгенің көмегінсіз қазақ әліпбиін жаттап алдым. Бұл мен үшін үлкен сынақ болды. Бірақ нәтиже соған тұрарлық», – деп атап өтті Lilian желідегі парақшасында.

султан лилиан

Lilian Jade. Фото: instagram.com/invibeme/

Ал Динара Сұлтан әсерлі кавер үшін Лилианға алғыс айтты. Желі оқырмандары жас дарынның орындау шеберлігіне жоғары бағап беріп, алғыстарын жаудырды.

Жіберіп алмаңыз:

Көзге жас келтіретін бейнебаян. Динара Сұлтан мүгедек балаларды қолдап клип түсірді (видео)

Қайрат Нұртасты жақсы көретін жапон қызы қазақ әндерін нақышына келтіре шырқайды (видео)

Көптен бері көрінбей кеткен Бейбіт Қорған жаңа бейнебаян түсірді (видео)

Q-POP стиліндегі кезекті бейнебаян тағы елді шулатты (видео)

 

Талқылау