Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық пантеонның I кезектегі құрылысына 2,3 млрд теңге жұмсалады

Хабарламада Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық пантеонының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылған.

8588582

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Астананың маңындағы ұлттық пантеонның I кезектегі құрылысына 2,3 млрд теңге  жұмсалады деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Хабарламада Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық пантеонының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны, пантеон құрылысына 79 миллиард теңге бөлінгені хабарланған.

“ТЭН бойынша бірінші кезеңнің құрылысына 2,3 млрд. теңгеден аспайтын қаржы жұмсалады деп күтілуде. Бұл қаржыға Қабанбай батыр кесенесін күрделі жөндеу,оның аумағынжәне жанындағы зираттарға құлпытастар қойып, абаттандыру жұмыстар жүзеге асырылады. Тиісті жұмыстар жалпы ауданы 5 га жерде жүргізіледі”,-делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, жобаның бірінші кезеңін іске асыру Пантеонның алдағы бірнеше жыл бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Келесі кезеңдерді іске асыру қажеттілігіне қарай жүзеге асырылатын болады.

Ұлттық пантеонның орналасқан жері — Астана қаласынан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде, Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылының жаны.

Талқылау