Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғаламтор арқылы насихат жүргізетіндерді бақылауға алды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожин басқарманың ақпараттық терроризммен күресуге құқығы бар екенін айтты.

Сәрсенбі күні Мәжіліс депутаттары ТМД мемлекеттерінің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімін мақұлдады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ерғожин талқылау барысында ақпараттық терроризм актілері болған жағдайда мысалы, ғаламтор арқылы насихат жүргізу барысында, белгілі бір ресурстардың қызметін тоқтата аламыз, дейді.

«Егер күдік тудыратын ауқымды жоспарлар болса, біз кейбір аумақтарда ғаламтор желісіне шектеу қоя аламыз. Бірақ бұл тек ерекше жағдайларда ғана жүзеге асырылады», – деді Ерғожин.

Егер кейбір мемлекеттік органдарға немесе маңызды инфрақұрылымдарға қатысты шабуылдар жоспарланатын болса, қазақстандық билік ақпараттық кеңістікті қорғай алады екен. Мысалы, биліктегілер түрлі IP-мекен-жайларды бұғаттай алады.

«Бүгінгі таңда бізде барлық қажетті әдістер мен ресурстар бар. Сонымен қатар, «Қазақстанның киберщит» бағдарламасы бүгінгі күні тиісті ақпараттық технологияларды енгізу бойынша ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруда. Оларды енгізу биылғы жылдың аяғына дейін толыққанды аяқталады»,-деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожин.

Жіберіп алмаңыз:

Экс-министр Бишімбаевқа сот үкімі шықты

Аудандық білім бөлімінің басшысы: 7 жасар бала шынымен зорланған болса, мен қызметімнен кетем

Қайрат Құдайберген табиғат апатына алдын ала дайындалмаған шенеуніктерді сынады

Жылама, айналайын: ШҚО әкімі су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар