Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк электронды ақша жүйесі қауіпті екенін ескертті

Криптовалютаға ақша құйғандардың құлағына алтын сырға! Ұлттық банк, электронды ақша жүйесі қауіпсіз емес екенін ресми түрде ескертті, деп хабарлайды КТК.

Ауада қалықтаған жүйе жойылса, Үкіметтен үміт күтпеңдер дейді Данияр Ақышев.

“Мен криптовалютаны төлем бірлігі ретінде мойындамаймын. Қаржы тұрғысынан алсақ, криптовалютаның орталықтандырылған органы да жоқ. Сондықтан ол валюталар сияқты ештеңемен кепілдендірілімейді. Таза алып-сатарлардың қойған құнымен бағаланады. Оған құйылған қаржының сақталуына да ешкім кепіл бермейді. Ертең жүйе құласа, халық Үкіметке неге ескертпедіңдер деп келеді. Сондықтан қазір ескертіп отырмын”, – дейді ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев.

Бір сөзбен бар жауапкершілік криптоақшаға сенгеннің өз мойнында. Ұлттық банк сондай-ақ енді халықтың зейнетақы ақшасын да өз қолына беруді жоспарлап отыр. Жинақты зейнетақы қоры қолға ұстатпаса да, оны кім басқаратынын салымшы жақын арада өзі шешуі мүмкін.

“Біз қазіргі қолданыстағы жинақтаушы жүйемен қатар бұрын болған бәсекелі зейнетақы қорларының тәжірибесін пайдалану дұрыс деп есептейміз. Менің ойымша сол кезде жасалған барлық қателік-кемшіліктерді ескерсек, жақсы жүйе жасап шығуға болар еді. Бұл ойларымызды Үкіметке толық жеткіздік. Қазір Экономикалық саясат кеңесі алаңында талқылау жүріп жатыр”, – дейді ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев.

Тағы да оқыңыз:

Белгілі банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты қылмыстық іс қайта тергеле бастады

17 жасында нәпақасын таба білген Ақтөбе әкімі есеппен араласатын жағымпаздарды бірден танитынын айтты

Ақтөбе басшысы әкім болмай тұрып Бердібек Сапарбаевтың назарына қалай іліккенін айтып берді

Талқылау