Ақтөбе басшысы әкім болмай тұрып Бердібек Сапарбаевтың назарына қалай іліккенін айтып берді

Сейсенбі, 24 Қазан , 2017 15:15

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов облыс басшысы Бердібек Сапарбаевпен қашан, қалай, қай жерде танысқанын айтып берді.

«Мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде экономика бөлімінде бас сарапшы болып қызмет етіп жүрдім. Елде қиыншылық болып жатыр. Электр жарығы жоқ, газ жоқ кез. Біздің бөлімнің бір жұмысы жағдайды зерттеп, сараптама жасау болатын. Сол уақытта анализді, слайдтарды Бердібек Машбекұлына апарып беремін. Әрине, арада адамдар болды. Төрт-бес адамнан кейін ол құжаттар қайтып келеді. Қайта түзетіп, тағы апарамын», — деп еске алады қала басшысы.

Ілияс Испановтың айтуынша, бір күні Бердібек Машбекұлы тікелей қоңырау шалып, өзін шақырған. деп хабарлайды “Тілші“.

«Бір айта кетерлігі, Бердібек Сапарбаев адамдармен тікелей жұмыс істегенді жақсы көреді. Дегенмен, мені қалай қабылдай қояды деген уайым да болды. Қабылдау бөлмесіне бардым, қасындағылар кіргізбей қойды», — дейді ол.

Өз кабинетіне қайтып келген Испановқа Сапарбаев қайта хабарласқан.

«Сен неге келмей жатсың?» деп сұраған. Қайта бардым, қабылдады. Содан, статистика бойынша мәліметтер сұрады. Қайткенде көрсеткішті дұрыстауға болатыны жөнінде сөйлестік. Кәсіпорындардың есебін қалай алатынымызға дейін айтылды. Мен өз пікірімді айтып отыратынмын», — дейді Ілияс Испанов.

Дегенмен, содан кейін Бердібек Машбекұлы Ілияс Сапарбекұлын үнемі кабинетіне шақырып алатын болған.

«Бірде Түркістан қаласының 1500 жылдығына дайындала бастадық. Бастық Астанаға ұшу керек болатын. Бір құжаттарды апарып беретін болып, әуежайға келдім. Бір кезде облыс басшысы тұрды да, сен бала бізбен бірге Астанаға жүр деп ертіп әкетті. Ол уақытта ноутбук деген жоқ. Компьютерімді процессорымен қоса арқалап, Астанаға ұшып кеттік», — деп еске алады Ілияс Испанов облыс басшысымен алғашқы жұмыс жылдарын еске алып.

Сол кездері Ілияс Испанов жұмыс ауыстыруды ойластырып жүргенін де жасырмады.Банктердің бірімен келісіп, сонда бастық орынбасары болып қызмет ауыстыратын болған екен.

«Ақтөбе қаласына әкімдікке келерімде Сингапурда іссапарда жүрген кезім. Оңтүстік Кореяға ұшуды жоспарлап қойған едім. Аяқасты ұсыныс түсіп, іссапарда жүрген жерімнен елге оралдым. Жалпы, кеден саласында, банк жағында, салық бойынша да қызметтер атқардым. Сотта істедім, прокуратурада тəжірибем бар. 10 мыңнан астам адамды басқарған кездерім болды», — дейді қала басшысы.

Айта кетейік, Испанов Сапарбаевпен бірге 1999 жылдан бастап жұмыс істеді.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде ішімдікке сылқия тойып алған «сақалды» жігіт жұрттың көзінше әйелін сабап тастады

Алматы облысының жол бойында көлік жолаушы әйелдің аяғын жұлып әкетті (фото)

Синоптиктер биылғы қыстың қандай болатынын болжады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар