Ұлттық Банк теңгенің әлсіреуіне байланысты мәлімдеме жасады

2018 жылдың 9 тамызында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 354,06 теңгені құрады, бұл көрсеткіш өткен күнмен салыстырғанда 1,6% -ға дейін төмендеген. Осыған байланысты ҚР Ұлттық Банкі теңгенің әлсіреу себебін түсіндіріп мәлімдеме жасады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық Банк теңгенің әлсіреуіне байланысты мәлімдеме жасады

АҚШ-тың Ресейге қатысты санкцияларының қатаңдауы мен мұнай бағасының төмендеуінен рубль құнсызданды, ал ол өз кезегінде қазақстандық теңгенің әлсіреуіне әкелді.

Ресей рублі бір күннің ішінде айтарлықтай төмендеген. Рубльдің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 4,2 %-ға және еуроға қатысты 4,1 пайызға әлсіреген.

«Ресей рублі америкалық сенаторлардың РФ қарсы қолдана алатын санкцияларына қатысты жаңа заң жобасы туралы ақпараттан кейін бірден төмендеп кетті. Аталған заң Ресей Федерациясының мемлекеттік қарызын қаржыландыруға және бірқатар ресейлік жетекші банктердің мүліктерімен келісім жасауға шектеу қоюды көздейді. Егер заң жобасы қабылданса, онда ол 2018 жылы 22 тамызда күшіне енуі мүмкін»,-дейді Ұлттық банктегілер.

Ресей рубліне қатысты жағдай негізінен, нарық қатысушыларының күткеніне негізделген саяси факторларға байланысты болып отыр.

Сонымен қатар, АҚШ-тың мұнай өнімдеріне Қытайдың баж салығын енгізу мүмкін екені жайлы ақпараттан кейін Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 72 АҚШ долларға дейін төмендеген.

«Қазіргі уақытта айырбас бағамының қалыптасуы Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуынсыз өтеді. ҚР Ұлттық Банкі валюта нарығындағы ахуалды үнемі қадағалап отырады және қажет болған жағдайда теңгенің айтарлықтай және тұрақсыздандыратын қысқа мерзімді ауытқуларын тегістеуге бағытталған интервенцияларды жүзеге асыруға дайын»,-деп қорытындылады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның ұлттық валютасы әлсіреп, АҚШ доллары 355 теңгеге дейін көтерілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар