Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық Банк «Qazaq Banki» АҚ-ның депозиттер мен шот ашу лицензиясын тоқтатты

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Qazaq Banki» АҚ-ның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, сондай-ақ оларға банктік шот ашу лицензиясын 2018 жылдың 27 шілдесіне дейін тоқтатты.

Ұлттық Банк «Qazaq Banki» АҚ-ның депозиттер мен шот ашу лицензиясын тоқтатты

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ресми парақшасында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бұл шешімді Qazaq Banki-нің банктік заңнама талаптарын жекелеген бұзушылықтарына қадағалаушылық реттеу шеңберінде, сндай-ақ төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамау және үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) пруденциялық нормативтерді немесе басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзғаны
үшін қабылдады»,- делінген хаабарламада.

Қазақ Банкінің бірқатар операцияларына шектеу қойған Ұлттық банк лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады дейді. Бірақ, бұл шектеу Банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге еш қатысы жоқ.

2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Банк жеке тұлғаларының қабылданған депозиттерінің көлемі 41 млрд. теңгені құрайды. Банктің жеке тұлғалардың депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі бойынша жеке тұлғалардың депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,5%-ын құрайды.

Тағы оқыңыз: 

Алматы әкімінен ескерту алған «Атакент» әкімшілігі танымал кафені бұзып тастады (фото)

Құранды жатқа оқудан өткен сайыста жеңімпазға көлік кілті табысталды

Рейхстагты бағындырған соңғы қазақстандық батыр дүниеден озды

Оғыз Доған: Біз Қазақстанда тұрып, тек қана қазақша қызмет алғымыз келеді

Талқылау