Рейхстагты бағындырған соңғы қазақстандық батыр дүниеден озды

Ақтөбе облысының Хобдин ауданында сенбіден жексенбіге қараған түні Ұлы Отан соғысының тағы бір батыры Федор Бакуменко дүниеден өзды. 97- жасында қайтыс болған ардагер  рейхстаг үшін күрескен соңғы қазақстандық болатын.

Рейхстагты бағындырған соңғы қазақстандық батыр дүниеден озды

Бұл туралы Ақтөбе Тайм хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Астарахан ауданында туылған қазақстандық батыр соғыс кезінде шайқасқандай өмірінің соңына дейін күресумен болды.

Сұрапыл соғыс басталған уақытта Ақтөбе облысы Хобдин ауданының тумасы бірден фронтқа жіберілмеді. Қарапайым шаруа баласы 365-ші қосымша атқыштар полкіні орналасқан Орынбор қаласында әскери біліктілігін шыңдаған. Мұнда әскер қатарына жаңадан алынғандарға акоп қазу, бөренелер мен бункерлер салу, сондай-ақ қару-жарақты қалай қолдану сияқты үйрету жаттығулары жүрді.

380-ші атқыштар дивизиясы орналасқан жерге түскен Бакуменка, артиллериялық қаруды меңгерді. 1943 жылдың 5 тамызында 380-ші атқыштар дивизиясының күшімен Орел және Белгород азат етілді. Бұл үшін ең беделді жауынгерлер «Ерлік үшін» медалімен марапатталды. Олардың ішінде Қызыл әскер жауынгері Бакуменко да болды.

Бакуменко қызмет еткен бөлімше ең үлгігі полктардың бірі саналды. Олар екі неміс қорғанысын бұзып Могилёвті босатқан. Проньон өзенін қорғау кезінде Федор Михайловичке жарылғыш снаряд тиіп аяғынан жарақат алған екен. Бір ай емделген қазақстандық батыр, қайтадан соғыс алаңына оралды. Жас радио операторын 150-ші атқыштар дивизиясына, ал кейінірек, 1945 жылдың мамырында Рейхстагты алған 756-шы атқыштар полкіне жіберілді.

«Генрих Гиммлердің үйін басып алғаннан кейін мені сол жерге радио байланыс орнату үшін жіберді. Рейхстагтың басына Кеңес Одағының қызыл туы тігілгенін өз көзіммен көрдім. Сол уақытта бәріміз көзімізге жас алдық», – деп еске алған болатын Бакуменко.

Тоғызыншы мамыр Федор Михайлович үшін ерекше күн болды. Ол Германияны жеңген жеңіс күнін екінші туған күні деп санаған. Ол жыл сайын осы күнге дейін өмір сүруге тырысты. Бұл жолы кеңес батыры ол күнге жете алмады.

Рейхстаг үшін күрескен соңғы қазақстандық батырдың жерлеу рәсімі Ақтөбе облысындағы Хобда ауданында өтті. Ол кезекті жеңіс күніне бірер ай ғана қалғанда өмірден озды. Рейхстагты бағындырған соңғы қазақстандық ардагермен қоштасу рәсімінде көптеген сөздер айтылды.

«Ол өте мейірімді адам болды. Ержүрек, адал, үнемі көмектесуге дайын тұратын. Соңғы жылдары ол өліммен күресуде болды. Өзінің сүйікті күніне бірнеше апта қалғанда өмірден озғаны өкінішті. Федор Бакуменконың туыстарына моральдық қолдау көрсетіп, ұйымның атынан гүл шоқтарын қойдық », – деді Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Құбайдулла Бітіков.

Тағы оқыңыз: 

Оғыз Доған: Біз Қазақстанда тұрып, тек қана қазақша қызмет алғымыз келеді

Алматылық мұғалімдер мен әскерилер қымбат көліктерді ұрлап ақша тауып келген

Қымбат көлік алмақ болған Алматы тұрғыны автосалон қызметкеріне 22 млн теңге беріп алданып қалған

Қостанайда ағасы қарындасының басын кесіп алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар