Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Ұлттық банк басшысы қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарына алаңдамауға шақырды
Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев қазақстандықтарды зейнетақылық жинақтарына қатысты алаңдамауға шақырды.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банктің басшысы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) ақшаны екінші деңгейдегі банктердің облигацияларына инвестициялау тек облигациялық бағдарлама аясында ғана жүзеге асырылатынын хабарлады.
1 қазандағы жағдай бойынша ҚР қаржы министрлігінің БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінде шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарының үлесі 39,7% -ды құрады.
Ақыщевтың сөзінше, бұл бағалы қағаздар ішкі нарықтағы ең сенімді бағалы қағаздардың бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың 9 айында БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліндегі екінші деңгейдегі банктердің қаржы құралдарының үлесі 17,9% -ды құрады, ал ол бойынша орташа алынған кіріс мөлшері жылына 9,8%-ды құрады.
2018 жылғы банктерге көрсетілген облигациялық бағдарлама шеңберінде БЖЗҚ зейнетақы активтері банктердің облигацияларына нарықтың жалпы көлемінде жылына 11,5-12% мөлшерінде жалпы сомасы 35 млрд теңге қаржы инвестициялады.
«БЖЗҚ-ның қаржысына келетін болсақ, бұл туралы көп нәрселер айтылуда және біз осыған қатысты көптеген толқуларды естиміз. Сіздердің біздің азаматтарымызға осыны жеткізгендеріңізді қалаймын. Қазіргі уақытта және соңғы үш жылда ұлттық банк зейнетақы активтерін мүлдем таза негізде инвестициялау туралы барлық шешімдерді қабылдайды. Сіздер ай сайын зейнетақы активтерінің қайда және қандай мөлшерде, қандай жағдайда аударылғанын көре аласыздар. Және бұл жағдайда осы қағида сақталатын болады. БЖЗҚ салымшылар үшін не маңызды? Оларға ақшаларының қауіпсіз сақталғаны және табыс әкелгені маңызды»,- деді Ақышев парламент отырысында үш жылдық бюджетті талқылағаннан кейін.
«БЖЗҚ-ның қаражатын инвестициялауға қатысты барлық шешімдер заңнамалық негізде қабылданады. Мен сіздерге бірнеше рет бізде Ұлттық қорды басқару кеңесі бар екенін айтқанмын. Егер ол банктерге ақша беруге болмайды десе, оларға ешкім ақша бермейді. Мысалы, биылғы жылы осындай шешімдер қабылданған», – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев проблемалы банктерге қатысты пікір білдірген болатын.