Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар жұмысын тоқтатқан банктерден ақшасын қашан ала алады

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев проблемалы банктерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz сайты Sputnik-ке сілтей отырып.

Данияр Ақыше

“Qazaq Banki, “Эксимбанк” пен “Астана” банктері нормативтиік талаптарды бұзғаны үшін банктік лицензиясынан айырылған еді. Оларды ликвидациялау мүмкіндігі соттың шешіміне байланысты. Оған қатысты барлық материал сотқа жіберілді”, – деді Ақышев.

Сот шешімінен соң екі аптадан кейін банк-агент құрылып, салымшыларға қазақстандық депозит кепілдендірілген қорынан ақшасы төленеді.

“Есепшоттың 99 пайызы кепіл қорымен сақтандырылған. Сондықтан адамдар ақшасын алады. Біз мұны тез арада іске асыруды қолға алып жатырмыз”, – дейді ол.

Айтуынша, “Цеснабанк” жағдайы бақылауда. Банктегі дағдарыс сәттерін болдырмау үшін, Үкімет пен Ұлттық Банктің қолдау шараларына қосымша банктің жаңа басшылығы да осы бағытта белсенді жұмыс істейді.

Елдегі өзге банктер қалыпты жүйеде жұмыс істеп, Ұлтты банк талаптары мен нормативтерін атқаруда.

Бағдарлама басталғаннан бері “Евразия банкі”, “АТФ Банк”, “Цеснабанк”, “Банк ЦентрКредит” мен “RBK” банкі  775,5 млрд теңгеге жуық проблемалық несиелерді есептен шығарды. Бұл банктердің несиелік нарыққа белсенді арласуына жол ашты.

Жыл басынан бері қатысушы банктер 500 млрд теңгеге жаңа несие берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау