Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жас әншіге танымал жұлдыздар ұсыныс білдірді

Қызылордалық Айнұр Нұрпейісова украиналық «Ел дауысы» телешоуында өнер көрсетты. Бастапқы бөлімінде «Варто чи ні» композициясын орындап көрермендерін дүр сілкіндірді.

аа

«Мен өзімнің жуан, қарлыққан даусымнан үнемі ұялатынмын. Тіпті, мен үшін ата-анам да ұялатын еді. Әкем анама қызыңды дұрыс тәрбиелей алмадың деп ұрысып жататын. Ақырында ажырасып тынды. Бірақ мен арманым болған Алматыдағы өнер академиясына түстім. Мемлекеттік сынақ кезінде «Варто чи ні» әнін орындадым. Сол кезде менен әкем баяғы ойы үшін кешірім сұраған еді», – дейді әнші сахнаға шығар алдында.

Өкінішке қарай, сахнада ән айтқан Айнурға ешбір тәлімгер бұрылған жоқ. Ал, көрермендер орындарынан тұрып қошемет көрсетті.

 

«Мен Қазақстанға барғанда екеуміз кездесіп, бір сахнада ән айтамыз», – деді «Океан Ельзи» тобының солисі Святослав Вакарчук. «Сенің өмірің енді ғана басталып жатыр», – дейді ол.

Әнші Потап қазақстандық жас әншімен бірге дуэт айтуға қарсы еместігін білдірді. «Осы жылы Астана мен Алматыда боламын. Сол кездегі сені сахнаға шақырып бірге ән айтатын боламыз. Саған алғысымызды білдіреміз», – деді Алексей Потапенко Айнұрға.

Талқылау