Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украин азаматына тұрмысқа шыққан журналист бақытты екенін айтты (фото)

Танымал журналист Жанар Байсемізованың украин азаматына тұрмысқа шығуы қоғамда екіжақты пікір тудырды.

1490696971_01

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осыдан бір айға жуық уақыт бұрын Жанар Байсемізова Эдуард Колесников есімді украин азаматымен шаңырақ көтерді. Ұлты бөлек болғанымен, Эдуард ислам дінін ұстанады екен. Жас жұбайлардың некесі де шариғат заңдарына сай қидырылған.

неке мусылманша

Елдің сынына қарамастан Жанар бақытты. Оны желідегі жазбаларына қарап байқауға болады.

Журналист өмірде махаббаттың бар екенін, ал үмітін үзбей бақытын күткен адамға Жаратқан теңін жолықтыратынын жазады.

1490696993_011

«Аяулы қыздар-тұрмыс құрмаған! Маxаббат бар! Шын сүйгендер қосылады! Энергияларыңызды оңды-солды шаша бермей, қара басыңыздың “қайғысына” қамыға бермей, өзіңізді ұмытып, айналаңызға қызмет ете бастағанда, руxани практикамен айналысып, жаныңызды тазалай бастағанда, ешкімді күтпеген кезде, іздемеген кезде, кафе-ресторан, дискотекаға барып жігіттерге көз сүзбеген кезде, Құдайға бір табан жақындататын амалдар істеген кезде Жаратушы ғанибет шеберлікпен үйлестіріп, жылдап күткен ер-азаматыңыз өзі іздеп келеді.

Қанша қусаңыз да жаныңыздан кетпей қояды. Тәңір көрінбейтін жіппен екеуіңізді байлап тастайтын сияқты! Менің өмірімде ғажайып болды! Жаратқанға сан мыңдаған мадақ! Сіздің өміріңізде де ғажайыптар болсын деп тілеймін! “Кәрі қыздар” қамытын тезірек тастап, Құдай қосатын қосағыңыз сізді адаспай тауып келуі үшін әрекет жасаңыз!

байсемізова күйеуімен
Бұрын осы “әрекет жасау керек” деген сөз тіркесін Серік Абас-шах ағамнан көп естуші едім! Серік аға сөзіңіздің төркінін әрең түсіндім! 77-рет Рахмет! Әрекет жасаңыздар аяулы xанымдар! Мен сіздерге бақыт тілеймін!» – дейді Жанар Байсемізова.

Айта кетейік, Жанар Байсемізова қазақстандықтар тебірене қарайтын «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасының авторы, бүгінде «Қазақстан-Атырау» телеарнасының басшысы қызметін атқарады.

байсемізова 2

Жіберіп алмаңыз:

Анасы Қытай заңына сай осы күнге дейін Димашқа салынған тыйымдар жайлы айтты

Алиса бүкіл халыққа ота жасалған омырауын көрсетті

Жанар Айжанова баланың тұсауын кескен адамның міндетін түсіндірді (фото)

Тоқтар Серіков: Әншіден жанды дауыста ән сұрайтын депутаттардан шыншыл болуды талап етемін

 

Талқылау