ҰҚК “Қазақстанды азат ету армиясы” туралы ақпаратты жоққа шығарды

Сәрсенбі, 8 Маусым , 2016 10:45

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбедегі қанды оқиғаны жасады деген “Қазақстанды азат ету армиясы” туралы ақпараты жоққа шығарды.

8941375

Сурет ҰҚК

Ертеректе “Қазақстанды азат ету армиясы” деп аталатын беймәлім ұйымның Ақтөбедегі қанды оқиғаны өз мойындарына алғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

“Ұлттық қауіпсіздік комитеті ол ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. “Қазақстанды азат ету армиясы” жоқ ұйым”, – делінген комитет хабарламасында.

Бұл ретте ҰҚК отандық БАҚ редакцияларынан осыған қатысты ақпараттарды жариялаған кезде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің растауын алуды сұрайды.

Белгісіз адамдар тобы осы жексенбіде қаладағы екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, нәтижесінде бейбіт қала тұрғындары мен әскери қызметкерлер оққа ұшқан. Қалада террорға қарсы операция режимі енгізілді. ІІМ мәліметінше 13 қарақшының жолы кесілген. Соңғы деректер бойынша шабуыл кезінде жалпы саны 7 адам көз жұмған. Ішкі істер министрлігі күдіктілердің діни радикалды ұйымға қатысы барболуы мүмкін деп атады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Алия says:

    Алдын ала, бекітілмеген немесе нақтыланбаған ақпаратқа сену дұрыс емес. Сонымен қатар, жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

  • Индира says:

    Құрысын ақпратқа сақ болуға шақырамын.

  • Саламат says:

    Дұрыс ақпаратқа сенейік, ағанйындар

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар