Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-ның алғашқы үш күнінің нәтижесі бойынша 50 468 түлек шекті деңгейден өтті

Ұлттық біріңғай тестілеудің алғашқы үш күнінің қорытындысы бойынша 59 мыңға жуық түлектің 50 мыңы шекті деңгейден өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

ҰБТ-ның алғашқы үш күнінің нәтижесі бойынша 50 468 түлек шекті деңгейден өтті

Алматылық түлек Дәулет Хамзин ең жоғары 140 баллдың 139-ын жинады. Елімізде 704 түлек 130-дан 139 баллға дейін жинап, жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Әлімқұлов хабарлағандай, үш күн ішінде ҰБТ-ға 58 967 түлек қатысты. 50 468 түлек немесе тест тапсырушылардың 85,6%-ы шекті дейден с.рінбей өтті. Өкінішке орай, 8 499 қатысушы тиісті баллды жинай алмаған.

«Республика бойынша орташа балл 83 болды. Өткен жылы орташа балл 80-мен шектелген болатын, биыл бұл көрсеткіш 3% -ға артты. Республика бойынша ең жоғары бар балл 139. Өкінішке орай, әзірге ешкім 140 балл жинаған жоқ. Бірақ,ҰБТ тағы 5 күн өтеді. Алдағы күндегі түлектеріміз бұл жоғары көрсеткішті бағындырады деп күтеміз және үміттенеміз», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.

Ол сондай-ақ, алғаш рет ҰБТ-ны ағылшын тілінде жеті түлектің тапсырып отырғанын айта кетті. Олардың ішінде үшеуі Астанада, біреуі Алматыда және үшеуі Қостанайда. Шет тілінде тапсырғандардың да көрсеткіші 83 балды құрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау