ҰБТ: Алматыда емтиханға күліп кіріп, еңкілдеп жылап шыққандар көп болды

Сейсенбі, 20 Маусым , 2017 22:06

Бүгіннің өзінде 19 бала тиісті баллды жинай алмай қалған. Ал ең көбі 129 ұпай жинаса, 140 сұрақтың 24-не әзер жауап бергендері де бар, деп хабарлайды КТК.

Безымянный

Қаныш Сәтпаев атындағы техникалық университеттің алдына таңмен таласа келіп, ұзын сонар кезекте тұрған Жетісу ауданындағы 17 мектептің түлектері. Төрт жүзден астам баланың арманы бір. ҰБТ-дан жоғары бал жинау. Жауапты сәтке кейбіреуі түнімен көз ілмей дайындалса енді бірі ырымға сеніп отыр.

“Мен шаштаразға барғанда апайым шашыңды алма деді. Ырым үшін деп. Содан шашымды алған жоқпын”, – дейді Нұрдәулет Несіпқали.

Нұрдаулетке қырқылмаған шашы қанша бал жинап беретіні 3 жарым сағатта белгілі болады. Міндетті және бейін пәнін қосқанда тест тапсыруға беретін уақыт осы. Жаңа форматқа әлі еті үйренбеген балаларда үрей де жоқ емес.

Жүйе өзгергенмен тәртіп сол қалпы. Түлектер аудиторияға кірмес бұрын бірнеше тексерістен өтеді. Оның ішінде мынандай құрылғы да бар. Темір анықтайтын аппарат. Бұл жерден тіпті тиын алып өту мүмкін емес. Міне кей балалар теңгелерін де тастап кетіпті.

Бірақ, бүгін бұл құрылғылар 5-10 тиыннан басқа ештеңе анықтай алмады. Есесіне аудиториядағы камералар әр бірінің қимылын қалт жібермей түсіріп тұр. Оның үстіне төбеңнен төнген тексерушілер тағы бар. Бұдан бала түгілі, ата-аналар да қобалжулы.

Сыртқа бірі күліп, енді бірі еңкілдеп жылап шығып жатты. Ұялы телефон, шпоргалка қолданамын деп ұсталып қалғандар да бар. Нәтижесінде 19 бала тиісті межеден аса алмай құлаған. Ең көп жинағаны 129 балл. Сынақтан сүрінгендердің енді екі мүмкіндігі бар. Олардың ертең апелляцияға бере алады. Болмаса өзі қалаған университетке барып емтихан тапсырады.

Оқи отырыңыз:

Дін істері министрі: Сирияға кеткендердің 90%-ы опық жеп, істегеніне өкінеді

Алматыда жоғалған студенттің Шымкентте жүргені анықталды

Қазақ келіншек: Жағдайымды жасай алса, шалға да тұрмысқа шығуға дайынмын

Оралман қыздар: Қазақстанда бізге ауылдан келген деп қарады, бірақ біз Америкадан келген едік

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар