Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Уәде берем: Беташар кезінде енесінен оқтауды алып ант қабылдаған келін жұртты күлдірді (видео)

Желіде еліміздің өңірлерінің бірінде өткен беташар рәсімі кезінде түсіп қалған видео тарап кетті. Беташар кезінде енесінен оқтауды алып, ант қабылдаған келін жұртты күлдірді деп хабарлайды Stan.kz.

Желіде тарап кеткен видеода беташардың 23 наурызда өткені жазылған.

Видео кадрларында асаба келіннің бетін ашқаннан кейін одан енесінің есімін сұрайды. Тосын сұраққа сасып қалған келін бірден «Қатирай» деп, енесінің есімін айтып қояды. Осы кезде отырған жұртшылықтың бәрі күліп жібереді.

Мұнан кейін енесін келініне қолындағы оқтауын табыстайды. «Қабылдадым, уәде берем» деген келін сол жерде ант қабылдады.

 

Хит беташар😂 @toiduman_kz

Публикация от Gakku TV (@gakku.tv)

Аталған видеоны 12 сағат ішінде 140 мыңнан аса адам көрген.

Өз кезегінде желі қолданушылары асабаның әзілі мен келіннің әрекетіне күліп жатты. Десе де асбаны «жеңілтек» деп сынағандар да табылды. Ал кейбір желі қолданушылары келінге енесінің есімін атауға болмайтынын айтты.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыдан Алматыға ұшып шыққан ұшақ шұғыл түрде Астана әуежайына қонды

Қазақша көйлек киген қыздардың ерсі биі жұртты ашуландырды (видео)

Еліміздегі ұялы байланыс операторы қазақстандықтардан ұялы телефонын тіркеуді сұрады

Қазақстандық дарынды оқушы 50-ге жуық робот ойлап тапты

Талқылау