Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дарынды оқушы 50-ге жуық робот ойлап тапты

16 жасында-ақ «Жылдам есептеу әдістемесін» жүзеге асырған жас өнертапқыш Тимур Рыспеков былтыр «Қазақстанның 100 жаңа есімінің» қатарынан көрінді. Ол 50-ге жуық робот ойлап тапқан. Жас ғалым мұнымен шектеліп қалғысы келмейді.

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Қаршадайынан ерекше қарым-қабілетімен көзге түскен Тимур Рыспеков 6-сыныпты оқып жүргенде-ақ физика мен математика және информатика пәндерін бес саусақтай білген. Айрықша дарынды бала әртүрлі роботтар ойлап тауып, талайларды таңдай қақтырды. Тимурдың қазіргі таңда 50 ге жуық әртүрі жобасы бар. Оның 28-іне патент иеленген. Жас өнертапқыштың соңғы ойлап тапқан жұмысы – қоршаған ортаны талдауға арналған робот.

«Роботтың кейбір бөлшектеріне мен әлеуметтік желі арқылы тапсырыс берем. Ал кейбіреуін базарлардан сатып аламын. Бұрын барлық жобаларды тек өзім ғана жасайтынмын. Қазір бірнеше адам бірлесіп істейміз. Мысалы, досым Данил Шестополовқа үйретіп жүрмін», – дейді Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейдің оқушысы Тимур Рыспеков.

Зерек баланың зерттеп жүрген жұмыстарын жоғары бағалаған канадалық мамандар 2016 жылы Тимурды оқуға шақырады. Физика, математика және химия ғылымына бар зейні ауған Рыспеков сол елдегі тау кен өнеркәсібінде жұмыс жасап, тәжірибесін толықтырыпты. Дарынды жерлесіміз Канададағы ең үздік 25 жас математиктің қатарына ілікті.

«Тимур үлкен ақпарат орталығын ашуды армандайды. Оның бұл ойы жүзеге асады деп ойлаймын. Өйткені ол өте білімді және ақылды. Кез келген адаммен тіл табыса алады. Біздің мектепте робот техникалық үйірме бар. Бастауыш сыныптан бастап жоғарғы сыныптардың оқушылары Тимурға қарап еліктейді. Ол білгенін өзгелерге де үйретіп жүр», – дейді Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейдің директоры Айсұлу Медетбекова.

Тимур қазір 9-сыныпта оқиды. Қолы қалт ете қалғанда әлемдегі айтулы университтерден онлайн арқылы дәріс алады. Оның роботтарына қызығушылық танытып отырған халықаралық компаниялар көп. Жас ғалым болашақта да теңдессіз роботтар жасағысы келеді.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте 6 жасар екі қызды шешінуге көндірген ер адам ұсталды

Сүйіктісімен ренжісіп қалған астаналық ер адам көпқабатты үйдің шатырынан секіріп өлмек болды

Челахтың қорғаушысы Серік Сәрсенов өмірден озды

Қостанай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан 4 сотталушы уланып қайтыс болды

Талқылау