Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 6 жасар екі қызды шешінуге көндірген ер адам ұсталды

Шымкентте Ұлттық ұлан сарбаздары педофилді ұстады, деп хабарлайды Ұлттық ұлан баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Жұма күні кешкі сағат 20:45 шамасында Уәлиханов көшесінде жүрген патрульдік топтың басшысы Бекзат Мамановқа әйел адам келіп, түрі еуропалық белгісіз ер адамды тауып беруін өтінген.

Әйелдің сөзінше, 25-30 жас шамасындағы ер адам көпқабатты үйдің подъезінде оның 6 жасар екі қызын шешіндірген.

«Ол қыздарға күш қолданбай, оларды шешінуге көндірген. Мұнан кейін планшетінің камерасы арқылы оларды суретке түсіріп алған», – дейді Ұлттық ұлан баспасөз қызметіндегілер.

Патрульдік топ басшысы ер адам туралы барлық әскери жасаққа хабарлап, оны іздестіре бастаған. Ер адам бір сағаттан кейін көршілес ауладан ұсталды.

Оқи отырыңыз:

Сүйіктісімен ренжісіп қалған астаналық ер адам көпқабатты үйдің шатырынан секіріп өлмек болды

Челахтың қорғаушысы Серік Сәрсенов өмірден озды

Қостанай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан 4 сотталушы уланып қайтыс болды

Астанада барлық бағыттағы жолдар жабылды

Талқылау