Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында ата-анасы ұрсысып жатқанда балалары көлікте тұншығып қала жаздады

Түркістан облысындағы Қарабұлақ тұрғын үй кешенінің тұрғыны күйеуімен ұрысып жатып үш баласын шыжыған күннің астында автокөлікте қалдырып кеткен. Отбасылық жанжалдың соңы қайғылы оқиғамен аяқтала жаздады.

Түркістан облысында ата-анасы ұрсысып жатқанда балалары көлікте тұншығып қала жаздады

Бұл туралы Otyrar.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Балаларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде.
Анасы күйеуімен ұрысып жатып екі ұлы мен қызын шыжыған күннің ыстығында көлікке қамап кеткен. Ыстықтан ауа жетпей тұншығып қала жаздаған балалар не істерлерін білмей көліктің сигнал берген. Оның дыбысын бірінші болып әкелері естіп қалып, балаларын көліктен алып шықты.

Анасы көлікте қалдырып кеткен балардың бірі ауа жетпей есінен танып қалып, шұғыл көмекке мұқтаж болды. Ол бірден жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

«Балаларымды тапқан кезде олар терден шылқылдап кеткен және денелері өте ыстық болды. Мен дереу дәрігерлерді шақырдым. Жедел жәрдем келгенге дейін балаларға су мен нан бердім. Артынша дәрігерлер келіп, алғашқы көмек көрсетті. Егер мен оларды уақытында шығарып алмағанда балаларым өліп кетуі мүмкін еді», – дейді балалардың әкесі Ділмұрат.

Ділмұрат мұндай қатыгез әрекетке бұрынғы әйелін кіналап отыр. Оның айтуынша, бұрынғы жұбайы ажырасқандарына ренжулі және өшін балалардан алуда. Ділмұрат әйелімен бес жыл бұрын ажырасып кеткен. Ол содан бері анасы балаларды үнемі аяусыз ұрып-соғып жүргенін естіп жүрмін дейді. Бірақ әкесі балаларын жаңа отбасына алып кете алмаған. Сондықтан әкесі балаларды қорғау үшін оларды балалар үйіне беруді ұсынды.

«Мен балалар осылай соққының астында өмір сүргенше балалар үйінде тәрбиеленгені дұрыс шығар деп ойладым. Мемлекет оларды оқытады. Мүмкін біреуі әскери училищеге барғысы келер. Бұл енді менің шешімім»,- дейді балалардың әкесі.

Ал, балаларына қатігездік көрсеткен ана полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алайда, әйел істеген ісіне өкінбейтін көрінеді.

Түркістан облысында ата-анасы ұрсысып жатқанда балалары көлікте тұншығып қала жаздады

«Мен оның сөзіне жауап ретінде балаларды көлікте жауып кеттім. Ол: Сен итсің және оңшең күшік тудың, сен де балалар да итсің деп айтты»,-дейді анасы.

Полиция қызметкерлері бұрынғы ерлі-зайыптылардан түсініктеме алып, енді істің мән-жайын анықтауда.Жиналған құжаттар әйелге қандай жауапкершілік жүктелетінін анықтайтын арнайы комиссияға берілетін болады.

Талқылау