ТЖМ: Қазақстанда алдағы қыс өте суық болады

Сәрсенбі, 22 Қараша , 2017 16:20

Қазақстандық құтқарушылар қатты суық қысқа дайындалып жатыр және көктем ерте келеді деп болжануда.

Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин азаматтық қорғаныс органдарының қыс мезгіліне дайындығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik.

“Көптеген метеоқызмет қыс қатты суық болады деп болжам жасап отыр. Біз “Казгидромет” бөлімшесінің мәліметтерін негізге аламыз. Болжамның дәлдігі  — 60%. Синоптиктердің болжауынша, желтоқсанда орташа ауа температурасы Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық бөліктерінде нормадан төмен болады, жауын-шашын мол түседі”, — деп хабарлады Ильин брифингте.

Қаңтарда республиканың орталық, солтүстік және шығыс бөлігінде суық көпжылдық қадағалау нормасынан төмен болады. Ақпанда елдің батысы мен солтүстік-батысында суық нормадан төмен болады деп болжанып отыр.Қазгидрометтің болжауынша, көктем ерте шығып, жауын-шашын көп түседі.

Вице-министр қыс мезгілінде жағдай қиындайтын болса, төтеншеліктер шұғыл әрекет ететінін атап өтті. Барлық техника сақадай сай дайын тұр. 9-10 қараша күндері “Қыс-2017” оқу-жаттығуы аясында төтенше жағдайларға дайындық шаралары пысықталды.

Тағы да оқыңыз:

Байлыққа қызыққан Зимбабвенің бірінші ханымы түрмеге қалай түсті (фото)

Солтүстік Кореяда санкция салдарынан халықтың көңіл көтеруіне тыйым салынды

Түрмеге бірге түскен екі сотталушының бірі екіншісін зорлаған педофил болып шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар