Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байлыққа қызыққан Зимбабвенің бірінші ханымы істі болып елден қашып кетті (фото)

Грейс Мугабе – Зимбабвенің бірінші ханымы. Ол ақшасын шашам деп халықтың наразылығын туғызды.

Грейс Мугабе 4 млн долларға қызының тойын жасап, Парижде 120 мың долларға шоппинг жасаған. 12 гауһар жүзік алып, Ferragamo брендінен 26 аяқ киім алды. Rolex-тен 106 мыңдолларға сауда жасады. Бұл ханымның бір жылдағы шығыны.

Грейс Мугабе 1996 жылы Зимбабвенің бірінші ханымы атанды. Бұған дейін Роберта Мугабенің хатшысы қызметін атқарған.

Ел президентінің бірінші әйелі Салли Хейфрон көз жұмған соң Грейс Мугабе күйеуін тастап мемлекет басшысына тұрмысқа шықты.

Ханымның бірінші күйеуінен бұған дейін екі баласы болған. Президентке тұрмысқа шыққан соң үшінші баласын өмірге әкелді.

Президенттің ұлы Чатунга да ақша жұмсаудың шебері.

«Әкең елді басқарып тұғанда 60 мың доллар өзіңде қосымша ақша жүруі керек», – деп жазды ол парақшасында.

Қазір көшбасшы Харарда 25 бөлмелі Blue Roof үйінде бақылауда отыр.

Ел тұрғындары президенттің отставкаға кететініне қатты қуанды. Бұған дейін Роберт Мугабенің қызметінен кететіні жарияланған еді. Президенттің бұл шешімін елі көптен күтті. Ел астанасының көшелерінде бұл жайт мереке ретінде атап өтілді. Халық билеп, ән айтты.

93 жастағы Роберт Мугабе келесі сайлауға да қатыспақ болған. Мугабе вице-президент Эммерсон Мнангагвуды қызметінен қуған соң оған наразылық үдей түсті. Президент вице-президенттің орнына әйелі Грейсті қоймақ болды. Осыдан бастап елде наразылық туындады. Қазір елді 37 жыл басқарған экс-көшбасшы үй қамақта отыр. Ал, әйелі елден қашып кеткен.

Тағы да оқыңыз:

Солтүстік Кореяда санкция салдарынан халықтың көңіл көтеруіне тыйым салынды

Түрмеге бірге түскен екі сотталушының бірі екіншісін зорлаған педофил болып шықты

Жаяу жүргінші 9-қабаттан құлаған әйелді қолымен қағып құтқарып қалды (видео)

Талқылау