Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ТЖД-нің көлігін қағып кеткен қостанайлық азамат 1 миллион теңгеден аса өтемақы төлейтін болды

Қалалық сотта Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды. ТЖД-нің өкілдері жол-көлік апаты кезінде көлікке материалдық зиян келтірген қостанайлық азаматтан сақтандыру айырмасын өндіріп алмақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

ТЖД-нің көлігін қағып кеткен қостанайлық азамат 1 миллион теңгеден аса өтемақы төлейтін болды

Белгілі болғандай, көлік басқарған қостанайлық азамат бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтіп кетіп, төтенше жағдайлар департаментінің көлігіне соғылған.

«Мамандандырылған әкімшілік сот шешімімен азамат М. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыпталушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыратын сақтандыру компаниясы Департаментке 1 361 400 теңге сомасында 600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жауапкершілік лимитін төледі. Сот отырысында талапкер шағымды түсіндіріп, арыз беруші тараптап 1 146 621 теңге көлемінде қаражат төлеуін талап етті», – делінген қалалық соттың хабарламасында.

Нәтижесінде, сот ТЖД-нің материалдық залал келтіргені үшін 1 146 621 теңге көлеміндегі сақтандыру айырмасын өндіріп алу жөніндегі талап-арызын қанағаттандырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау